«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

 

Степногорск қаласы әкімі аппараты

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы

сұхбат:  2025 жылғы

Анықтама телефоны: 8716455654

E-R-4  санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне айланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

 

«Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

 

Функционалдық міндеттері:

 

Сектордың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету. Әкімдер аппараттарымен атқарушы органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, қарамағындағылардың жұмысын бақылау және уәждеу.

Келушілерді қабылдауды жүзеге асырады, сектордың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері мен хаттарын қарайды. Қалалық коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын (келіп түскен) мүлікті қаланың коммуналдық меншігіне (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иесіз мүлік, мұра құқығы бойынша мұрагерлік мүлік, сондай-ақ қайтыс болған адамдардан қалған мұра және басқа мекемелерден түскен мүлік) ауыстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады. Иесіз жылжымайтын затты анықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді. Авариялық тұрғын үйді бұзу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беру жөніндегі құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізу. Сот органдарында бөлімнің мүдделерін білдіру. Құжаттарды сот талқылауларына дайындау, сот органдарына талап-арыздар беру, одан әрі сүйемелдеу. Бөлімді құқықтық сүйемелдеу.

Мемлекеттік мекемеге ұсынылатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру. Шарттардың ішкі жобаларын әзірлеу. Бөлімге келіп түсетін шағымдардың есебін жүргізу және оларды қарау. Талап-арыз жұмысын жүргізу: Бөлімге талап-арыздар бойынша талап-арыздарды зерделеу, құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу. Оларды сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін ұрлық, жымқыру, кемшіліктер және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындау, өндірістегі және орындауда аяқталған сот істерін есепке алу мен сақтауды жүргізу. Шарттар жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот орындаушыларында дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарау жөніндегі жұмысқа қатысу. Шағымдарды қарауға қатысу, шағымдарды қарау практикасын жалпылауды жүзеге асыру, істерді сотта қарау кезінде бөлімнің мүдделерін білдіруді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шеңберіндегі өзге де міндеттер.

 

Білімі бөлігіндегі талап:

 

          Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құқықтану, құрылыс, мұнай газ ісі, жылу энергетикасы, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша), көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша), заңгер.

 

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

 

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу
Дата публикации
28 февраля 2025