2024 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы ЕСЕП

2024 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы

ЕСЕП

 

  1. Жалпы ережелер:

1) «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ Сандықтау ауданы, Шаңтөбе кенті, 1-шағынаудан, 21-үй мекенжайында орналасқан. Телефоны: 8(71640) 5-07-35;

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 6 түрі бойынша:

  • «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0,
  • «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» – 0,
  • «Жер учаскесін алуға кезекке қою» – 1,
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 0,
  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» – 0,
  • «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 13,
  • Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 1.

Барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді -15 қызмет.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.  

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Шаңтөбе кентінің әкімдігіндегі ақпараттық стендтер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі болып табылады;

2) «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты орналастыру, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

3) «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2024 жыл ішінде 534 қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы келесі қызметтер жиі көрсетіледі:

  1. ЭЦҚ кілттерін алу/қайта шығару;
  2. Анықтама беру: - соттылығының болуы немесе болмауы туралы,

                               - наркологиялық диспансерден,

                               - психоневрологиялық диспансерден,

                               - фтизиатрдан;

  1. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу;
  3. Шетелдік қонақтың келуі туралы хабарлама жіберу.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) 2024 жылы халық арасында цифрлық құжаттарды пайдалануды насихаттау бойынша баннерлер орнатылды;

2) «Шаңтөбе кентінің әкімінің аппараты» ММ электрондық сайттарында және «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде ақпаратты орналастыру арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде ұсынылды.

2024 жылы уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімінің аппаратымен:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша;

- БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігі мен құзыретін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы ЕСЕП
Дата публикации
25 февраля 2025