«Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету                            мәселелері бойынша

 

 

  1. Жалпы ережелер.

1) «Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 14-ғимарат мекенжайында орналасқан. Тел: 45-5-23.

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: 6 түрі бойынша Мемлекеттік қызметтер саны.

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 0;

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 12;

- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» - 0;

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0;

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 0.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Электрондық нысанда-12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қағаз түрінде-0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) ауыл әкімдігіндегі ақпараттық стендтер және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жариялау мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.

2) халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) әкімдік жанында «Е-GOV» өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы бар.      Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 105 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде электрондық - цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және «Наркология»,                        «Психиатрия «психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру»  анықтамасын алу аса сұранысқа ие.

2) 2024 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық семинар - кеңестерге қатысып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

2024 жылы уәкілетті орган өткізген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында компьютерлік техника сатып алынды.

Мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде ұсынылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет - ресурста жарияланды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- Халықты әлеуметтік желілер, БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

«Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Дата публикации
25 февраля 2025