Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша
«Изобильное ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі
қызметінің 2024 жылғы есеп.
1) «Изобильное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Қазақстан көшесі, № 9 ғимарат, тел: 47-0-16
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызметтердің саны 6 түрін құрайды.
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» – 0.
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» – 0.
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 10.
- «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату» – 0.
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» – 0.
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 0.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ;
Электронды түрде мемлекеттік қызмет - 10, қағаз түрінде - 0.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар ауыл әкімдігіндегі ақпараттық стендтерінде бастау алады.
2) Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3) «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
1) Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 88 қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылмаған.
2024 жылы уәкілетті орган өткізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілмеді.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппараты келесі жұмыстарды атқаруда:
- ақпараттық стендтер арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету.
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру.