«Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.
«Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, 15, тел: 7-17-33.
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0;
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0;
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 24;
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 0;
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1;
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі кент әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендтер болып табылады.
2) Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында, интернет – ресурста Жарияланымдар, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
3) Әкімдік жанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Тұрғындармен анықтамалар беру тәртібі туралы (соттылықтың болуы/болмауы туралы, психоневрологиялық, фтизиатрия, наркологиялық диспансерлерден, жылжымайтын мүліктің болмауы/болуы туралы, адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы, электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу мүмкіндігі туралы, қызметтерді бір реттік пароль арқылы алу туралы мәліметтер беру туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет-ресурста жарияланды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімінің аппараты мынадай жұмыс жүргізуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
- БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.