Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

2024 жылы "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ сенім білдірілген агентінің интернет - ресурсы арқылы Қарабұлақ ауылының білім беру, Құрық құдық ауылының мәдениеті саласындағы мамандарға, Изобильный ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшісіне көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға 3 өтініш келіп түсті,  

Оның ішінде:

көтерме жәрдемақы – 3;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 (алты) жұмыс күні.

«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ көрсетілетін қызметті алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ақпараттық стендінде, Степногорск қаласы әкімінің ресми интернет - ресурсында, бөлімнің Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет алушылардан 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін  «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Степногорск қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасын өткізді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл қоғамдық мониторинг зерделеніп, бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыста пайдаланылатын болады.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында бөлім алдына мынадай міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын қаланың ресми                интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

- «Отбасы банк» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу.

Анықтама телефоны: 8(71645) 73689.

Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
Дата публикации
25 февраля 2025