Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) көлік картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 160 (жүз алпыс) теңге.
1) «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4651 болып тіркелген);
2) «Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/664 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26408 болып тіркелген).