Степногорск қаласының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Өнеркәсіп

2024 жылы кәсіпорындар 462,4 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 96,4%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі - 92,8% құрады.

Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 23,2% құрады.

Инвестициялар

Қала экономикасына 23,7 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 91,9 %.

Кәсіпкерлікті дамыту

2025 жылғы 1 қаңтарға әртүрлі салаларда 3760 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады.

Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93,3% құрады.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде:

         - 1 637 млн. теңге кредит сомасына 78 жоба субсидияланды;

         - 360,3 млн. теңгеге 27 жоба кепілдік алды.

Бөлшек тауар айналымы 37 млрд. теңгені құрады. НКИ-101 %. Көтерме сауда көлемі 38,6 млрд. теңгені құрады, НКИ - 124,5 %.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Степногорск өңірінің және облыс пен Астана қаласының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 52 жәрмеңке өткізілді, онда 573,2 млн.теңге сомаға өнім сатылды.

Бюджет

Бюджеттің барлық деңгейлеріне 59,6 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті. Жергілікті бюджетке - 20,4 млрд. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке – 10,6 млрд.теңге.

Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 20 млрд. теңге игерілді.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнім 5,7 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 3,8 млрд.теңге, мал шаруашылығы – 1,9 млрд. теңге. Жалпы өнімнің НКИ 118,2 % құрады.

Мал мен құс басы: ІҚМ – 12 мың, жылқы – 15,1 мың, қой мен ешкі – 16,8 мың, құс-11,4 мың.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,7 млрд. теңгені құрады. НКИ-121,5 %.

5 194 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылғы деңгейге 107,1%.

2024 жылдың желтоқсанында Степногорск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы пайдалануға берілді.

Нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- Бестөбе кентіндегі дене шынықтыру - сауықтыру және ашық спорт кешендері;

- Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйлері («Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында).

Инфрақұрылым

Қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша «Халық қатысуы бюджеті» жобасы шеңберінде ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің ағымдағы жөндеуі,
33 үй  4 шағын ауданның аула аумағын және скейт паркті абаттандыру орындалды.

Қаланың, Қырық құдық, Байқоңыс, Изобильное ауылдарының барлық кенттері мен ауылдарының жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына 306 адам енгізілді.

2025 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 4288 адам өтініш білдіріп, 1913 адам жұмысқа орналастырылды.

3040 жаңа жұмыс орны құрылды.

5149 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды.

404 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Білім

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2961 тәрбиеленуші бар, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1-ден 6-ға дейін 90,1%, 2-ден 6-ға дейін 93,5%  құрайды.

Орта білім беру оқушыларының саны 9698 оқушыны құрады.

Барлығы 11 - сынып түлектері - 374, оның ішінде «Алтын белгі» - 27 түлек, 31 түлек Үздік аттестат алды.

Мәдениет және спорт

Жыл басынан бері 230 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 42,8 % құрады. 

Қалалық бюджет есебінен Ақсу кентінде балалар алаңы және Қырық құдық ауылында спорт алаңы орнатылды. Сондай-ақ, «СТХК» ЖШС қолдауымен Заводской кентінде балалар алаңы орнатылды.

2024 жылы қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 4 052 іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде 96 клубтық құрамада 2,5 мың қатысушы жұмыс істейді.

Дата публикации
13 февраля 2025