«2020 жылғы қаңтар-ақпанда Степногорск қаласы әкімінің және кенттер, ауылдар мен ауылдық округі әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарын бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № а-2/72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«2020 жылғы қаңтар-ақпанда
Степногорск қаласы әкiмiнiң және
кенттер, ауылдар мен ауылдық округi
әкiмдерiнiң халыққа есеп беру
кездесулерiнде айтылған ұсыныстар мен
ескертулердi жүзеге асыру бойынша
iс-шара жоспарын бекiту туралы»
Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
2020 жылғы 14 ақпандағы № а-2/72
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкiмдердiң, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2020 жылғы қаңтар-ақпанда Степногорск қаласы әкiмiнiң және кенттер, ауылдар мен ауылдық округi әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерiнде айтылған ұсыныстар мен ескертулердi жүзеге асыру бойынша iс-шара жоспарын бекiту туралы» Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 14 ақпандағы № а-2/72 қаулысына қосымшаға сәйкес өзгерiстер енгiзiлсiн.

2. Қала әкiмi аппаратының ұйымдық-бақылау бөлiмi «Степногорск қаласы Медиа орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерi және Степногорск қаласы әкiмiнiң ресми сайты арқылы өзгерiстер туралы қала тұрғындарын хабардар етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң аппараты басшысы Е.Қ. Дәукеновке жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi                                                                                         Е. Баяхметов

Қосымша

Дата публикации
19 октября 2020