«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасында:

11-тармақтың 1), 2)  тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

12-тармақ келесі мазмұндағы 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:

«7) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдарға (әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторийлық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

8) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін жеке көмекшілерге немесе азаматтарға.»;

14-тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге оқу орнынан анықтама негізінде оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз- релизі

 

 

          «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2025 жылдың 8 қаңтардан 22 қаңтарға дейін.

Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№р/б

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздемелер

1

11-тармақтың 1), 2) тармақшалары

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

 

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту.

2

12-тармақтың 7) тармақшасы

-

7) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдарға (әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторийлық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Ақмола облысы бюджет комиссиясы отырысының 2024 жылғы 25 қарашадағы №31 хаттамасына сәйкес.

 

3

12-тармақтың 8) тармақшасы

-

мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жолдама берілген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін жеке көмекшілерге немесе азаматтарға.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы №06/03 хатына сәйкес.

4

14-тармақтың 3) тармақшасы

-

 

3) Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге оқу орнынан анықтама негізінде оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту.

 

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Ақмола облысы бюджет комиссиясы отырысының 2024 жылғы 25 қарашадағы №31 хаттамасына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жергілікті бюджет есебінен.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

          Жоқ.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген).

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

          Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде орналастырылған, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/documents/details/775264?lang=kk, 08.01.2025 жылы «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» интернет – порталында жарияланды. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=7031&type=2

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

           Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

          Жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етпейді.

 

 

 

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
08 января 2025