БЕКІТЕМІН
Заводской кенті әкімі
__________М. Мадьяров
Заводской кентінің жергілікті қоғамдастық жиынының
ХАТТАМАСЫ
Заводской кенті 13.12.2024 жыл
Әкім аппаратының отырыс залы 15-00 сағат
Заводской кенті әкімі М.Е. Мадьяров
Қатысқандар: Заводской кенті жергілікті қоғамдастық мүшелері.
КҮН ТӘРТІБІ:
2025 жылға арналған бюджеттік өтінім.
Заводской кентінің әкімі Мадьяров М.Е. – Қатысушыларды, ағымдағы жылдың кіріс түсімдері және 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы таныстырды. Заводской кентінің проблемалық мәселелерін, абаттандыру мәселесі бойынша тұрғындардың өтініштерін айтты.
Жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары:
Ж.Е. Рахметов - К.Сәтбаев көшесi мен кенттiң ар жақ бөлiгiндегi жолдарды орташа жөндеу.
Сәдуақасва Д.Ю. - кент көшелерін (Етекбай би, И.Есенберлин, Бөгенбай батыр, Достық көшелері) жарықтандыру.
Дружинин А.В. - әлеуметтік маңызы бар объектілерге (мектеп, балабақша, емхана, әкімдік) дейінгі тротуарлар.
Мадьяров М.Е. - Сонымен қатар, Қ.Сәтпаев көшесін асфальттауға жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде (аула аралық жолдар), 11 көппәтерлі үйді қамту. Екі апаттық үйіндіні жою, ағаштарды кесу.
Жиналыс қорытындысы:
Заводской кенті әкімі аппаратының 2025 жылға арналған бюджеттік өтінімін қарау:
Елді мекен көшелерін жарықтандыру - 700 т. (желілерге қызмет көрсету), 15 000 т. (жарықтандыру бағаналарын орнату).
Құрылыс қоқыстарын шығару - 1654 т.т.
Ағаштарды кесу -1950 т.т. гүл отырғызу - 80 т.т.
Кент жолдарын қардан тазалау - 1150,0 т.т., ағымдағы шұңқырларды жөндеу - 5000 т.т.
Автожолдарды орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу - 2500 т.т.
Жоспарды бекітуге дауыс беруіңізді сұраймын: кім «жақтайды», кім «қарсы», кім «қалыс қалды», қолыңызды көтеруіңізді сұраймын. (Хатшы дауыстарды санайды)
Жоспарды бекіту үшін бірауыздан 6 дауыс «жақтайды» деп берілді.
Хаттаманы жүргізген Д. Уахитова