Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы

 

Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасы

 

 

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы

 

 

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) Степногорск қаласы - Қарабұлақ ауылы 110 (жүз он) теңге;

2) Степногорск қаласы - Заводской кенті 140 (жүз қырық) теңге;

3) Степногорск қаласы - Ақсу кенті 150 (жүз елу) теңге.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының әкімі

 

Г.Қасенов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Степногорск қалалық мәслихаты

 

 

Ескерту: Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасына ескертулер мен ұсыныстар «Степногорск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ Степногорск қаласы,4 шағын аудан, №1 ғимарат мекенжайы бойынша немене 5-53-72 телефоны бойынша қабылданады

 

Сондай-ақ, Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасы 28.11.2024 жылы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда сілтеме бойынша орналастырылды

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы
Дата публикации
28 ноября 2024