Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

 

 

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) көлік картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;

2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 160 (жүз сексен) теңге.

  1. Күші жойылды деп тану:

1) «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4651 болып тіркелген);

2) «Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № а-1/26 «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/664 Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26408 болып тіркелген).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының әкімі

 

Г.Қасенов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Степногорск қалалық мәслихаты

 

Ескерту: Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасына ескертулер мен ұсыныстар «Степногорск қ. ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ Степногорск қаласы,4 шағын аудан, №1 ғимарат мекенжайы бойынша немене 5-53-72 телефоны бойынша қабылданады

 

Сондай-ақ, Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының жобасы 28.11.2024 жылы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауда сілтеме бойынша орналастырылды

 

Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
Дата публикации
28 ноября 2024