|
|
"Жер учаскесін жалдау |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_______________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_______________________________________________________________
(тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):
мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация
құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " "
|
|
Қазақстан Республикасының |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және олардың түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет қағаз тасығышта көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Қағидаларда көрсетілген құжаттарды қабылдаған күні, оларды 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 30 (отыз) минут ішінде қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді анықтайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) түпнұсқалығын тексереді және МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер шетінде орналасқан жер учаскелері үшін елді мекеннің және бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген жағдайда 4 минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – жер учаскесі құнының актісі) қалыптастыру жүзеге асырылады.
Егер елді мекеннің шетіндегі жер учаскесі МЖК ААЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмесе, бірақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болса, онда кадастрлық бағалау құны 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептеледі.
Елді мекеннің шетінде ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау үшін жүгінген кезде жер учаскесінің сұратылған бөлігі үшін кадастрлық бағалау құны елді мекеннің белгіленген шекаралары мен бағалау аймақтары болмаған жағдайлар кезіндегідей есептеледі.
Елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болмаған және елді мекендер шекараларынан тыс орналасқан жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды.
Елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш келіп түскен жағдайда кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ қызметкері жоғарыда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жолдайды;
5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін 30 (отыз) минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
7) құжаттарды беру бойынша жауапты ҚБ қызметкері 2 (екі) сағат ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін беру үшін курьер арқылы жібереді;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) (немесе өкілеттігін растайтын құжат арқылы сенімді өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні 3 (үш) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға 5 (бес) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және қызметтің орындалуына жауапты қызметкерді анықтайды;
3) ҚБ қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) түпнұсқалығын тексереді және МЖК ААЖ деректер базасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер шекарасында орналасқан жер учаскелері үшін елді мекеннің және бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген жағдайда 4 минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан ақпарат жиналады (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар), жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны есептеледі және және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – жер учаскесінің құн актісі) қалыптастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Елді мекеннің шекарасындағы жер учаскесі ААЖ ААЖ қабаттарында (елді мекеннің шекарасы, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болған жағдайларда, кадастрлық бағалау құны 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептеледі.
Елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтауға өтініш берген кезде жер учаскесінің сұратылған бөлігі үшін кадастрлық бағалау құны елді мекеннің бекітілген шекаралары мен бағалау аймақтары болмаған жағдайлар кезіндегідей есептеледі.
Елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болмаған және елді мекендер шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды.
Елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш келіп түскен жағдайда кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ қызметкері жоғарыда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жолдайды;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін 3 (үш) минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басышына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 3 (үш) минут ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
|
|
"Жер учаскесінің кадастрлық |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі: елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша, елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған жағдайда: көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 1 (бір) күнді, портал арқылы – 30 (отыз) минутты, олар болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін; елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін; елді мекендер шегінен тыс, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығына пайдалану мақсаттары үшін берілетін жер учаскелері бойынша 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 18, 19 және 20-параграфтарына сәйкес мөлшерде есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құнына ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы: жер учаскесін бастапқы беру кезінде: мемлекеттік қызметті көрсетушіге: 1) "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш; 2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін). Өкіл жүгінген жағдайда өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, не электрондық цифрлық сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің көшірмесі; 4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге); 5) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі; порталға: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің сканерленген көшірмесі; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясының сканерленген көшірмесі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге); 4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде (жер учаскесін сатып алған жағдайда): мемлекеттік қызметті көрсетушіге: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш; 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі; порталға: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжат қызметі мобильді қосымшада рұқсаты бар пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өту керек, содан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжат таңдалады. |