|
Қазақстан Республикасы |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2020 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) иеленуші - меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде машинаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы));
2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3) тiркеу құжаты - машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған бекітіліп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi
Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, оларды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама дайындайды және жібереді.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу пунктінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) машиналардың орналасқан жері бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тыңдалым нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізуге дайындығы туралы хабарламаны не уәжді бас тартуды ресімдейді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;
2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.
3-тарау. Шағымдану тәртібі
Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Тракторларды және олардың |
|
|
Нысан |
________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы)
________________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты
мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің
мекенжайы (заңды мекенжайы))
Өтініш
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын.
Өтініш берушінің қолы _____________ 20__ _ жылғы " ___ " ________________
20___ жылғы " ___ " _______ ____сағат____минутта қабылданды.
Инженер-инспектор _________________________________________ _________
қолы
Техникалық қарап-тексеруден_______________20____ жылғы " ___ " _______
(өтті/өтпеді)
________________________________________________________________________________
|
|
Тракторларды және олардың |
Нысан
"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2. |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерін қабылдау: |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: |
Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақау бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
|
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: |
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: |
|
9. |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. |
|
10. |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |