Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы.

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:

1) көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:

ересектерге – 80 (сексен) теңге;

жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге;

2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:

ересектерге – 160 (жүз алпыс) теңге;

жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға – 80 (сексен) теңге.

  1. Электрондық жолақы төлем жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүруге құқығы бар.
  2. Степногорск қаласы әкімдігінің «Степногорск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері туралы» 2015 жылғы 21 қантардағы № а-1/26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының әкімі

 

А.Қайыржанов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Степногорск қалалық мәслихаты

Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгілеу туралы"қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы "қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба)"құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 11 қарашадан 25 қарашаға дейін.

Жоба жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15285386

Дата публикации
11 ноября 2024