Степногорск қаласының 2024 жылғы 9 айдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Өнеркәсіп
Кәсіпорындар 329 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 97,7%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 94,6% құрады.
Тауарлық өнім өндірісі:
- катодты алтын - 7 кг;
- флотоконцентрат - 18 мың тонна,
- кен өндіру - 5620,3 мың тонна;
- алтын - 4061 кг;
- Доре қорытпасындағы күміс - 582 кг;
- мойынтіректер - 21,2 мың тонна;
- уран - 962 тонна;
- мыс концентраты - 9,9 мың тонна;
- электр энергиясы - 325,4 млн. кВтсағ;
- жылу энергиясы - 548,4 мың Гкал;
- өсімдіктерді қорғау құралдары - 3 мың тонна;
- күкірт қышқылы - 144,2 мың тонна;
- спирт - 2636 мың Л.;
- қысқы дизель отыны - 8,6 мың тонна;
- қорғасын - 720 тонна.
Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 23,2% құрады.
Ағымдағы жылы өндіріс бойынша мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:
- жоғары таза марганец сульфаты HPMSM («SARECO» ЖШС);
- металл бұйымдары («Целингормаш» ЖШС).
Инвестициялар
Қала экономикасына 12,9 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 95,1 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
2024 жылдың 1 қазанына түрлі салаларда 3764 шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметі жүзеге асырылады.
Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93% құрады. Жыл басынан бері 670 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде:
- 917,2 млн. теңге кредит сомасына 34 жоба субсидияланады;
- 244,2 млн. теңгеге 12 жоба кепілдік алды.
Бөлшек тауар айналымы 18,1 млрд.теңгені, НКИ – 120,4% құрады.
Жыл басынан бері Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 39 жәрмеңке өткізіліп, 443,6 млн. теңге сомаға өнім сатылды.
Бюджет
Бюджеттің барлық деңгейлеріне 43,8 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті. Жергілікті бюджетке - 15,8 млрд. теңге немесе өткен жылдың кезеңіне – 128,2 %, оның ішінде қалалық бюджетке – 7,9 млрд.теңге немесе өткен жылдың кезеңіне – 122,1%.
Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 15,1 млрд.теңге игерілді.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім 4,8 млрд. теңгеге шығарылды. Жалпы өнімнің НКИ 118,8 % құрады.
Өндірілген: сүт – 2,3 мың тонна, тірі салмақтағы ет – 257,5 тонна, тауық жұмыртқасы – 1336,9 мың дана.
Мал мен құс басы: ІҚМ – 12,5 мың, жылқы – 15,6 мың, қой мен ешкі – 18,2 мың, құс - 11,4 мың.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4 млрд. теңгені құрады. НКИ - 126,7 %.
5 194 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2023 жылғы деңгейге 322%.
Нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- қалада және Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- Бестөбе кентіндегі ашық спорт кешені;
- дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылында мәдениет үйін салу жұмыстары жүргізілуде.
Инфрақұрылым
Қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішке ағымдағы жөндеу және скейт паркін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Халық қатысатын Бюджет» жобасын іске асыру, 33, 4-шағын ауданның аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Новосибирск және Степная көшелерінің жолдарын реконструкциялау және қала жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қырық құдық, Байқоңыс, Изобильное ауылдарында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына 292 адам енгізілді:
- жастар практикасы - 56 адам;
- қоғамдық жұмыстар - 58 адам;
- бірінші жұмыс орны - 10 адам;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 21 адам;
- әлеуметтік жұмыс орындары - 25 адам;
- күміс жас - 16 адам;
- ұрпақтар келісімшарты - 1 адам;
- жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған мемлекеттік гранттар - 13 адам;
- «Бастау-бизнес» оқыту - 92 адам.
2024 жылдың 1 қазанына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 3500 адам өтініш білдіріп, 1530 адам жұмысқа орналастырылды.
2248 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты - 1911, уақытша - 337.
3252 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:
- атаулы әлеуметтік көмек - 177 отбасы/623 адам;
- тұрғын үй көмегі - 133 отбасы/345 адам;
- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 2266 адам;
- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 18 адам.
251 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді:
- «Инватакси» - 65 адам;
- жеке көмекші және сурдоаудармашы - 19 адам;
- жартылай стационар жағдайында - 30 адам;
- егде жастағы адамдар үшін - 23 адам;
- орталықта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін-тәулік бойы болатын - 15 адам;
- қайта әлеуметтендіру мақсатында қамау орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды алып жүру - 54 адам;
- «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына - 13 отбасы/45 адам.
Білім
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2860 тәрбиеленуші бар, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1-ден 6-ға дейін 87,9% құрайды.
Орта білім беру оқушыларының саны 9698 оқушыны құрады.
Барлығы 11 - сынып түлектері - 374, оның ішінде «Алтын белгі» - 27 түлек,
31 түлек Үздік аттестат алды.
Ағымдағы жылы Ақсу - 2 кезең орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Денсаулық сақтау
Туу көрсеткіші 1000 адамға 8,6, жалпы өлім-жітім 1000 адамға 7,3 құрады.
Мәдениет және спорт
Жыл басынан бері 18 мыңнан астам адамды қамтитын 207 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші
42,2 % құрады. Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 128 спорт секциясы құрылды, олардың сабақтарымен 28,6 мың адам қамтылды.
Қала құрамасы «Ақ бидай» жазғы облыстық спартакиадасында қалалар арасында жалпы командалық 2-орынды иеленді. Ағымдағы жылдың шілде айында қалада армрестлингтен өңірлік турнир өтті, онда Степногорск қаласы 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Қалалық бюджет есебінен Ақсу кентінде балалар алаңы орнатылып, Қырық құдық ауылында спорт алаңы орнатылуда. Сондай-ақ, «СГХК» ЖШС қолдауымен Заводской кентінде балалар алаңы орнатылды.
2024 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында
2680-ден астам іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылы орталық қалалық кітапхана «Рухани қазына» облыстық байқауында «Үздік кітапхана» номинациясын жеңіп алды.
Қоғамдық қауіпсіздік
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте Степногорск өңірінің аумағында 339 құқық бұзушылық тіркелді. Ашылу деңгейі 47,8% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 49,7 бірлік.