Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларын сақтау: берілген жер учаскелері туралы ақпаратты орналастыру
ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты жер учаскесін беру негізін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалға алу мерзімін, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірін де көрсете отырып, халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының интернет-ресурсында ай сайын, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында кемінде тоқсанына бір рет жариялау арқылы орналастыруға міндетті.
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында берілген жер учаскелері туралы ақпаратты орналастыру бойынша талдау жүргізді.
Жүргізілген талдауға сәйкес, ақпараттық порталдарда қыркүйек айында берілген учаскелер туралы ақпарат Аршалы, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының әкімдіктерінде орналастырылмағаны анықталды.
ҚР қолданыстағы жер заңнамасының жоғарыда көрсетілген нормасын орындау мәселесі ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті мен облыс әкімі аппаратының бақылауында екенін атап өту қажет.
Осыған байланысты берілген учаскелер туралы ақпаратты аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық порталдарында уақтылы орналастыру қажет.