«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз- релизі

         «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Қоғамдық талқылаулар мерзімі 2024 жылдың 8 қазаннан 22 қазанға дейін.

Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/arm/npacontroller/editnpa

                                                                                                                             ЖОБА

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) әлеуметтік көмек – Степногорск қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін Степногорск қаласының әкімдігі белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

«Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

4) ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,7 еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын Степногорск қаласының әкімдігі айқындайды.

Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2- қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.»;

10-тармақтың 4), 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

12-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»

13-тармақ 3) тармақшамен толтырылсын:

«3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған миокардтың жіті инфаргін (алғашқы 6 ай) алған адамдарға, 10 ( он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;

15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«15. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

Мынадай:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;

4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.»;

16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.»;

17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«17. Мынадай:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

         «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жергілікті бюджет есебінен.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

         Жоқ.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Өзгерістерге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген).

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

         Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде

орналастырылған сондай-ақ, 08.10.2024 жылы «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» интернет – порталында жарияланды.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

          Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

         Жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етпейді.

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№р/б

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздемелер

1.

3-тармақ

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

4) әлеуметтік көмек – Степногорск қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп – қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) әлеуметтік көмек – Степногорск қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру

2

7-тармақ

7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

2) ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,7 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

7. «Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

4) ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,7 еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына

жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру

3

8-тармақ

8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын Степногорск қаласының әкімдігі айқындайды.

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2- қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру

4

10-тармақтың 4), 5) тармақшалары

4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;

4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту

5

11-тармақ

11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі:

1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру

6

12-тармақтың 2) тармақшасы

      2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту

7

13-тармақтың 3) тармақшасы

-

 

3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған миокардтың жіті инфаргін (алғашқы 6 ай) алған адамдарға, 10 ( он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

8

15-тармақ

15. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

 Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

 3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

 

15. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

Мынадай:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;

4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.

Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру

9

16-тармақ

16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

10

17-тармақ

17. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

17. Мынадай:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

 

«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" НҚА жобасы
Дата публикации
08 октября 2024