Қырық құдық ауылы әкімінің сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

Қырық құдық ауылы әкімінің сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

2024 жылғы 15 қыркүйекте Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімінің сайлауы өтті.

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы № 94 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округі Қырық құдық ауылының шекараларында:

сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 312 азамат енгізілді, олардың 288-і дауыс берді. Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 0, үй – жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны – 7, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 0, "бәріне қарсымын" деген жолда-0 белгісі бар.

    Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

    Жахин Дулат Төлегенұлы. - 257; Молдахметова Ұлболсын Сәбитқызы-15; Уахитов Мейірхан Әмірханұлы – 16.

    "Ауыл "халықтық-демократиялық патриоттық партиясы"ҚБ партиясы ұсынған, Степногорск қаласында тұратын, 1976 жылы туған Жахин Дулат Төлегенұлы, Қырық құдық ауылының әкімі болып сайланды.

Сообщение по итогам выборов акима села Кырык кудык
Дата публикации
19 сентября 2024