Құрметті салымшылар!
Степногорск қаласының әкімдігі 2024 жылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) қатысуымен тұрғын үйлерді тікелей сату арқылы іске асыруды жоспарлап отыр. Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша тұрғын үйлер ұсынылады:
1) «Кредиттік тұрғын үйді алдын ала немесе аралық тұрғын үй несиелерін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2%-дан аспайтын мөлшерде беру арқылы іске асыру» (бұл бағдарлама бойынша кезекте тұрғандар қатыса алады: 1) 1 және 2 топтағы мүгедектер, 2) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, 3) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 4) көп балалы отбасылар (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» марапаттары бар көп балалы аналар немесе «Батыр ана» атағы бар аналар).
«Кредиттік тұрғын үйді алдын ала немесе аралық тұрғын үй несиелерін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын мөлшерде беру арқылы іске асыру» (бұл бағдарлама бойынша келесі кезекте тұрғандар қатыса алады: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2) жасы бойынша зейнеткерлер; 3) қандастар; 4) толық емес отбасы; 5) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; 6) мемлекеттік қызметшілер, бюджет ұйымдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлердің кандидаттары, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын тұлғалар; 7) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізіміне енгізілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; 8) экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде баспанасыз қалған адамдар; 9) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару, ғарыш кеңістігіне ұшу немесе адамдардың өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы; 10) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтары.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: таза әрленген 160 000 теңге.
Тұрғын үйлер саны: 45 (таратылатын пәтер саны).
Тұрғын үй түрі: 15 бір бөлмелі пәтер. Пәтерлердің жалпы ауданы - 41,84 ш. м.
Тұрғын үй түрі: 15 екі бөлмелі пәтер. Пәтерлердің жалпы ауданы - 62,05 ш. м.
Тұрғын үй түрі: 15 үш бөлмелі пәтер. Пәтерлердің жалпы ауданы - 78,50 ш. м.
Байқауға қатысуға өтінім беру және несиелендіру шарттарымен Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында танысуға болады.
Несие беру өтінім берушінің «Отбасы банк» АҚ жинақ шотында несие сомасының кемінде 10%-ын құрайтын тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда мүмкін болады.
Нысан: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 7-шағын аудан мекенжайында орналасқан «Ақмола облысының Степногорск қаласында қырық бес пәтерлі тұрғын үй салу (позиция 1)».
Құрметпен, «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.
Тел: 8 (71645) 5-53-71, 5-53-70, 5-53-72, jkh@stepnogorsk.gov.kz
Бөлім басшысы – Макшанов Талғат Жұмағалиұлы.87755226289.
Бас маман – Маликов Темірлан Қылышпекұлы. 87768690858. 87028635282.