2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімін сайлауға кандидаты ұсыну туралы хабарлама
2024 жылғы 11 тамызда Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабының 1-тармағына сәйкес ХДП"Ауыл" партиясының 1 кандидатынан құжаттар келіп түсті.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкіміне сайлауға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 8 тамыз бен ағымдағы жылғы 20 тамыз аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы