Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімін кезекті сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына Қырық құдық ауылының әкімін кезекті сайлау жөніндегі сайлау округі, Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімін кезекті сайлауы бойынша сайлау округі – Қырық құдық ауылы шекарасындағы Қырық құдық сайлау округі.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Степногорск қаласы, 7 шағын ауданы, 4 Г ғимараты, 2 қабат,210 кабинет, тел. 8(716 45) 5-65-40
комиссия төрайымы – Семенюк Татьяна Викторовна;
төрайымның орынбасары – Бельгибаева Нургуль Бериковна;
комиссия хатшысы – Дабаева Баян Болысбековна;
комиссия мүшелері: Мукужанов Галиакпар Болатулы,
Сейтмаганов Ербол Ердаулетович,
Сулейменова Кымбат Кушкинбаевна,
Ушакова Лариса Викторовна
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы