Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34543 болып тіркелді

 

       "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

 

Сауда және интеграция министрі

А. Шаккалиев



Дата публикации
31 июля 2024