Степногорск қаласының 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

 

Степногорск қаласының 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

 

Өнеркәсіп

Кәсіпорындар 211,2 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 96,3% құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 89,9 %. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 23,5% құрады.

Тауарлық өнім өндірісі:

- алтын – 2,6 мың кг;

- флотоконцентрат – 12 мың тонна,

- кен өндіру – 3547,8 мың тонна;

- Доре қорытпасындағы күміс – 389 кг;

- мойынтіректер – 13,9 мың тонна;

- уран – 661 тонна;

- мыс концентраты – 4,3 мың тонна;

- электр энергиясы – 232,3 млн. кВтсағ;

- жылу энергиясы – 511,4 мың Гкал;

- өсімдіктерді қорғау құралдары – 2,5 мың тонна;

- күкірт қышқылы – 91,2 мың тонна;

- спирт – 1912 мың л.;

- қысқы дизель отыны – 7,2 мың тонна;

- қорғасын – 369 тонна.

В текущем году реализуются следующие инвестиционные проекты по Ағымдағы жылы өндіріс бойынша келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда:

- өндірістік қуаты жылына 7,5 мың тоннаға дейінгі электролиттік марганец («SARECO» ЖШС);

- металл бұйымдары («Целингормаш» ЖШС).

Инвестициялар

Қала экономикасына 8,6 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 78,4 %.

Кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылғы 1 шілдеге әртүрлі салаларда 3761 шағын және орта бизнес субъектілері қызметін жүзеге асырады.

Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93,2% құрады. Жыл басынан бері 434 жаңа жұмыс орны құрылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде:

- 718,2 млн. теңге кредит сомасына 28 жоба субсидияланады;

- 175,7 млн. теңгеге 7 жоба кепілдік алды.

Бөлшек тауар айналымы 11,4 млрд. теңгені құрады, НКИ-110,5 %.

Жыл басынан бері Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 27 жәрмеңке өткізіліп, 316,5 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

 

Бюджет

Бюджеттің барлық деңгейлеріне 27,7 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті.

Жергілікті бюджетке - 11,2 млрд. теңге немесе өткен жылдың кезеңіне –
127,9 %, оның ішінде қалалық бюджетке – 5,8 млрд.теңге немесе өткен жылдың кезеңіне – 125,3%.

Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 7,3 млрд. теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнім 2,1 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1,2 млрд.теңге, мал шаруашылығы – 0,9 млрд. теңге. Жалпы өнімнің
НКИ 100,5 % құрады.

Ағымдағы жылы жаздық егіс – 7,3 мың га құрады. дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы) – 6,6 мың га, жемшөп дақылдары көпжылдық және бір жылдық шөптер – 0,45 мың га, картоп – 0,258 мың га, көкөністер – 0,029 мың га.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады. НКИ-103,4 %.

4 139 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе 2023 жылғы деңгейге 256,6%.

Маусым айында 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 6-позиция.

45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде 1- позиция.

Инфрақұрылым

          Ағымдағы жылы қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар:

 - ҰОС ескерткіші мен ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің ағымдағы жөндеуі;

- орман-саябақ аймағында шекарашы ескерткішінің аумағын абаттандыру;

- скейт паркін абаттандыру;

- «Халық қатысатын Бюджет» жобасы 4 шағын аудан 33 үй.

Новосібір және Степная көшелерінің жолдарын реконструкциялау жұмыстары.

Қаланың, Ақсу, Бестөбе, Заводская, Шантөбе кенттерінің және Қырық құдық, Бөгенбай, Изобильное, Қарабұлақ ауылдарының жолдарын орташа жөндеу.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына 223 адам енгізілді:

- жастар практикасы – 10 адам;

- қоғамдық жұмыстар – 57 адам;

- бірінші жұмыс орны – 2 адам;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 21 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындары – 25 адам;

- күміс жас – 15 адам;

- жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған мемлекеттік гранттар – 7 адам;

- «Бастау-бизнес» оқыту – 86 адам.

2024 жылдың 1 шілдесіне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2241 адам өтініш білдіріп, 870 адам жұмысқа орналастырылды.

1317 жаңа жұмыс орны құрылды.

2776 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:

- атаулы әлеуметтік көмек – 177 отбасы/623 адам;

- тұрғын үй көмегі – 133 отбасы/345 адам;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 1790 адам;

- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету – 18 адам.

          227 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді:

          - «Инватакси» - 65 адам;

          - жеке көмекші және сурдоаудармашы - 19 адам;

          - жартылай стационар жағдайында - 38 адам; 

          - егде жастағы адамдар үшін - 23 адам;                                            

          - орталықта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін-тәулік бойы болатын 15 адам;

          - қайта әлеуметтендіру мақсатында қамау орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды алып жүру – 32 адам;

          - «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына - 9 отбасы/35 адам.

Білім

          Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2461 тәрбиеленуші, 3 – тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1-ден 6-ға дейін-91,4% құрайды.

          Орта білім беру оқушыларының саны 9698 оқушыны құрады.

          Барлығы 11 – сынып түлектері - 374, оның ішінде «Алтын белгі» - 27 түлек,
31 түлек Үздік аттестат алды.

Денсаулық сақтау

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,6, жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 5 болды.

Мәдениет және спорт

Жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам адамды қамтитын 70 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші
42,2 % құрады. 

Бестөбе кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, ашық спорт кешені мен қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында
594 мың адам қатысқан 1597-ден астам іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде
94 клубтық құрамада 2,5 мың қатысушы жұмыс істейді.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылында мәдениет үйін салу жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық қауіпсіздік

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Степногорск өңірінің аумағында
249 құқық бұзушылық тіркелді. Ашылу деңгейі 51,2% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 38,2 бірлік.

 

Дата публикации
24 июля 2024