Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2024 жылдың 5 шілдесінде Степногорск қаласында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған, оның барысында әскери міндеттілерді оқу-жаттығу жиындарына шақырту өткізу жөніндегі іс-шаралар көзделген. Осыған байланысты сабыр сақтауларыңызды, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.