ҰБО туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрi — ЭЫДҰ) Инвестициялар бойынша комитетiне кiру кезiнде алған мiндеттемелердi орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) Қазақстандағы Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрi — ҰБО) болып айқындалғаның Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi хабарлайды (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы).

ҰБО — ерiктi, халықтың/қоғамның кәсiпорындардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдарын қарастыратын соттан тыс тетiк.

Өзiнiң қызметiнде ҰБО Қазақстан 2017 жылғы маусымда қосылған ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсiпорындар туралы Декларациясын және ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсiпорындарға арналған Басқару қағидаттарын (қоса берiледi) басшылыққа алады. ҰБО-ның қызметi туралы толық ақпарат Министрлiктiң парақшысында «Министрлiк туралы» бөлiмiнде және/немесе http://mid.gov.kz/kk/pages/biznesti-zhauapty-zhurgizu-boyynsha-ulttyk-baylanys-ortalygy сiлтемесi бойынша қолжетiмдi.

Дата публикации
10 сентября 2020