Кәсiпкерлер назарына!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi кәсiпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасының жетiлдiрiлген нұсқасын iске қосты
Негiзгi жаңашылдығы ретiнде тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.
Кәсiпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушiнiң тексеру мерзiмi мен түрi туралы және т.б. нақты ақпаратты көрiп, оны қағаз үлгiдегi тексеру тағайындау туралы актiсiмен салыстыра алады.
Сондай-ақ, кәсiпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны
алған соң, тексеру басталғанға дейiн тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.
Тексеру аяқталған соң, кәсiпкер қосымша арқылы көрсетiлген
бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.
Ұялы қосымшаның алғашқы нұсқасы тек негiзгi екi қызметтi атқарды. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушiнiң iс-әрекетiне шағымдану мүмкiндiгi.
Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгiзiлген және аталған кезеңнен берi қолданушы ретiнде 27 мың кәсiпкер тiркелдi.
Ұялы қосымшаның жаңа үлгiсi мемлекеттiк бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетi
press@kgp.kz
Приложения: