жоба
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
11-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ п/п |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылған редакция |
Негіздемелер |
|
1. |
3-тармақтың 1-тармақшасы |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; |
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; |
Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру |
|
2 |
11-тармақтың 1-тармақшасы |
11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі: 1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;». |
«11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі: 1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;». |