Степногорск қаласы город Степногорск
Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
- Күші жойылды деп танылсын:
1) «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8129 болып тіркелген);
2) «Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 «Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-6/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8630-03 болып тіркелген).
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Степногорск қалалық мәслихатының шешіміне қосымша
|
Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібі
1 – тарау. Жалпы ережелер
- Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Степногорск қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі– көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
- Тұрғын үй көмегін тағайындау жергілікті атқарушы орган «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) атынан жүзеге асырады.
2 – тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
- Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
- Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандагы № 117 бұйрығымен (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
- Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
- Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін 30 (отыз) шаршы метр қабылданады.
- Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловатт белгіленсін.
- Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
3 – тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Тұрғын үй көмегін беру қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тұрғын үй көмегін беру қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
- Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
- Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден осы Қағидалардың 17-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
- Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жолданады.
- Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Тұрғын үй көмегін беру қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
4 – тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
- Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған Степногорск қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
- Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге артық немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан көрінеу анық емес мәліметтерді ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушы заңсыз алынған соманы ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарады.