Степногорск қ. экономика және қаржы бөлiмi басшысының пiкiрi

Степногорск қаласының бюджетi Степногорск қаласының мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы шешiмiмен бекiтiлдi. Алғаш рет жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарында 2 мың адамнан артық халқы бар төрт кентте бекiтiлдi.
Қалалық бюджет қаражаты Степногорск қаласының жоспарланған мерзiмiне Аумақты дамыту бағдарламасының индикаторлары мен стратегиялық мiндеттердiң жетiстiгi өзара байланысқан Степногорск өңiрiнiң дамуының басым бағыттарын қаржыландыруды қамтиды.
Қалалық бюджет шығындарының негiзгi үлесi — бұл 78,6% немесе 3884,2 млн. теңге, әлеуметтiк саланы дамытуға тиесiлi, яғни бюджет әлеуметтiк бағытталған.
Азаматтық капиталды дамыту, экономиканың тұрақты өсуi үшiн, сапалы бiлiм беру қызметiн көрсетуге қалалық бюджеттен 3 319,9 млн. теңге қарастырылған, 2017 жылға қарағанда 8,6% өсiмен.
Материалдық-техникалық базаны нығайту және бiлiм беру нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 119,5 млн. теңге жоспарланған. Осы қаражат шеңберiнде үш мектепке жаңа модификациялық оқыту кабинетiн, қаланың 9 мектебiне компьютерлiк сыныптар, бiлiм берудiң жаңартылған жүйесiнде жұмыс iстеу үшiн барлық мектепке кеңсе техникасы, 5 қалалық мектепке мультимедиялық құрал-жабдық алу жоспарлануда, оқулықтар мен оқыту-әдiстемелiк кешендер алынған. Көрсетiлген қаражат шеңберiнде 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.
Шалғайдағы елдi мекендерден мектепке балаларды тегiн тасымалдау үшiн 2,6 млн. теңге қарастырылуда.
Бiлiм беру ұйымдарына балалардың келуiне қауiпсiз жағдай жасау үшiн, электр қазандарына 4,2 млн. теңге қарастырылған.
2018 жылы халықты әлеуметтiк қорғау бойынша негiзгi iс-шараларды жүзеге асыруға 242,4 млн. теңге қарастырылған, 2017 жылға қарағанда 110,6 % өсумен.
Мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында, мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнай жұмыс орындарын құруға қаражат бөлiнген, бұл мақсатқа 464 мың теңге қарастырылған. «Инватакси» қызметiн дамытуға 4 499 мың теңге жолданған.
Әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiруге және инфраструктураны дамытуға 14,1 млн. теңге жоспарланған, соның iшiнде: үкiметтiк емес ұйымдарда мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орнатуға — 2,9 млн. теңге; бiрыңғай ыорма, кеңсе жабдығын алуға — 1,2 млн теңге, бейiмдеу орталығы үй-жайын жөндеуге — 9,5 млн. теңге.
Бұл қаражат жеке сектор субъектiлерiне (соның iшiнде үкiметтiк емес ұйымдар) ұсынылатын арнайы әлеуметтiк қызметтерм ен қамтылған тұлғалар үлесiн көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Атаулы әлеуметтiк көмектiң жаңа үлгiсiн көрсетуге 26,4 млн.теңге сосмасында қаражат қарастырылған.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша қиын өмiрлiк жағдайға тап болған тұлғаларға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 37 млн.теңге қарастырылған.
Спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бағыттарының бiрi салауатты өмiр салты үшiн жағдай жасау, мектеп оқушыларының және жастардың массалық спортпен айналысуы арқылы мектептен тыс уақытта тәрбиелеу процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Спортты дамытуға және салауатты өмiр салтын насихаттауға 2018 жылы 37,3 млн.теңге қарастырылды, ағымдағы жылы айтарлықтай өсуi байқалды. Шығындар iшiнде Ақсу к. спорт алаңын жайластыруға және ұйымдастыруға қаражат қарастырылған.
Қабылданған шаралар нәтижесiнде, дене тәрбиесi және спортпен айналысатын азаматтардыдың 2017 жылы жеткен жетiстiктен немесе 33,4% кем емес қамтылуын үлкейту жоспарлануда.
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының негiзгi бағыттарын қолдайды, әлеуметтiк саланы қаржыландыруды және халықты әлеуметтiк қолдауды ұлғайту шаралары көтермеленедi және бiздiң қызметiмiзге қойылған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн бар күш-жiгерiн салады
«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» ММ
басшысы Ш.Қ. Төлегенова