Мәдениет және тарихи-мәдени саладағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi баспасөз конференциясы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2017жылғы 24 мамыр Астана қ.
Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен, мәдениет және тарихи-мәдени саладағы заңнаманы жетiлдiру жөнiнде баспасөз конференция өттi.
Сонымен қатар, баспасөз конференцияның жұмысына ҚР Парламент Мәжiлiсi депутаты Майра АЙСИНА және жазушы, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал ЕРҒАЛИЕВ қатысты.
«Мәдениеттi сақтаудың алдыңғы қатарлы негiзi мәдениеттi сақтау мен дамытуға жағдай жасайтын ұлттық заңшығарушы базасы болып табылады», — деп пiкiрiн бiлдiрдi ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында Елбасы жаңа типтегi жаңғырудың бiрiншi шарты ретiнде ұлттық мәдениет пен төл ұлттық кодын сақтауды айтып өттi. Бүгiнгi күннiң талаптары мен болмыс жағдайына сәйкес мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру — мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты жемiстi жүзеге асырудың кепiлi», — дедi өз сөзiнде министр.
Жаңа заң жобасын жасау бойынша жұмысқа бастама салған ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары болатын. Жемiстi бiрлескен жұмыстың нәтижесiнде үстiмiздегi жылдың 5 мамыр күнi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мәдениет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Құжатта театр өнерi, музей және баспа iсi, Қазақстан республикасы Кiтап палатасының қызметi және т.б. салалардағы өзектi проблемаларды шешу көзделген.
Бұл Заң аясында театрлардың көптеген жаһандық және маңызды мәселелерi қарастырылған. Мәселен, заңшығарушылық деңгейде алғаш рет театр алдында қойылған мiндеттер айқындалып, театралды қойылым, режиссер-қоюшы, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретшi секiлдi түсiнiктерге анықтама берiлген. Одан басқа, жаңа заңнама мемлекеттiк театрлардың қызметiмен байланысты салық төлеу проблемаларын шешу көздейдi.
Қолданыстағы заңнамаға ауылдық жерлерде клуб, кiтапханалардың жабылу жағдайларын реттейтiн толықтырулардың маңызы да зор. Мысалы, 2013-2015 жылдары 40 мәдениет ошағы жабылған. Заңдағы жаңалықтар мәдениет ошақтарын құру, қайта құру және жою мәселелерiн құзырлы органмен мiндеттi келiсудi талап етедi. Бұл шара мәдениет ошақтарының себепсiз жабылуына бөгет болып қана қоймай, Мәдениет және спорт министрлiгiне барша Қазақстан бойынша шара қолдану үшiн мәдениет ошақтарына мониторинг жүргiзу мүмкiндiгiн бередi.
«Сонымен қатар Заңдағы толықтырулар Елбасының ұлттық мәдениет пен мәдени-тарихи мұраның сақталуы мен дамуы жолындағы саясатының сапалы жүзеге асырылуына ықпал етедi деген сенiмдемiн», — дедi ведомство басшысы.
Жазушы, Қазақстанның еңбегi сiнген қайраткерi, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев пен ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Майры Айсина мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнамаға енгiзiлген өзге де өзгерiстер туралы баяндады.
ҚР МСМ Баспасөз қызметi
