Ақмола облысының Степногорск қаласының әкімдігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Ағымдағы жылдың 26 сәуіріне дейін талдауға қатысу мәселелері бойынша Степногорск қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Темірлан Қлышпекұлы Мәліковке келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 7-38-15.