2017 жылғы 27 қарашада Наталья Морозованың төрағалығымен Степногорск қалалық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы жиырма екiншi (кезектен тыс) сессиясы өттi. Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Шолпан Төлегенова ағымдағы жылға арналған қала бюджетiне өзгерiстер енгiзiп, депуттарға бекiтуге ұсынды. Қала бюджетiнiң кiрiстерi 5 212 241,6 мың теңге сомасына белгiлендi. Шығындар 5 189 915,1 мың теңге сомасына белгiлендi. Төртiншi тоқсанның қорытындысы бойынша нақтылау бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi арасында қаржыны қайта бөлу есебiнен және трансферттердi қайтару есебiнен жүргiзiледi.

