2017 жылғы қарашаның 28 мен 30 аралығында Степногорск қалалық мәслихатының жұмыс тобының отырысы өттi. Отырыс барысында 2018 жылға арналған қала бюджетiнiң жобасы егжей-тегжейлi талқыланды. 2018 жылға арналған қала бюджетiнiң жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысын депутат Наталя лощинская жүргiздi. Депутаттар үш күн iшiнде экономика және қаржы бөлiмiмен бiрлесiп барлық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiнiң шығындарын қарастырды. Келесi жылы қала бюджетiнiң орындалуы барысында бос қаражат пайда болған кезде кейбiр мемлекеттiк органдардың шығындарын нақтылау бойынша бiрқатар ұсыныстар жасалды.
