Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті

Қалалық мәслихаттың отыз жетiншi сессиясында депутаттар Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерiнiң үш жылдық бюджетiн бекiттi.

Ақсу кентiнiң 2019 жылға арналған бюджетi 41 509 мың теңге сомасында бекiтiлдi,оның iшiнде қалалық бюджеттен 29 737 мың теңге субвенция. 2019 жылға арналған кент шығыстарының құрамында, кент әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз етуге — 20 463 мың теңге, мемлекеттiк органның күрделi шығыстары — 6 170 мың теңге (автомобиль және Мемлекеттiк рәмiздер сатып алу), көшелердi жарықтандыруға — 2 600 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге — 1 000 мың теңге, абаттандыру мен көгалдандыруға — 500 мың теңге, сондай-ақ автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiне — 10 776 мың теңге.

Бестөбе кентiнiң 2019 жылға арналған бюджетi 30 847 мың теңге деңгейiнде бекiтiлдi, оның iшiнде қалалық бюджеттен берiлетiн субвенция 8 917 мың теңге деңгейiнде. Шығындар 30 847 мың теңгеде жоспарланды, оның iшiнде Бестөбе кентi әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз етуге 18 315 мың теңге, мемлекеттiк рәмiздер сатып алуға 394 мың теңге, көшелердi жарықтандыруға — 880 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге — 2 000 мың теңге, абаттандыру мен көгалдандыруға — 500 мың теңге.

Заводской кентiнiң 2019 жылға кiрiсi 25 811 мың теңге деңгейiнде бекiтiлдi, соның iшiнде қалалық бюджеттен субвенция — 12 626 мың теңге. 2019 жылға арналған кент шығыстары 25 811 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде кент әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз етуге — 18 512 мың теңге, ұйымдастыру техникасы мен мемлекеттiк рәмiздердi сатып алуға — 787 мың теңге, көшелердi жарықтандыруға — 362 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге — 300 мың теңге, абаттандыру мен көгалдандыруға — 350 мың теңге, автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге — 5 500 мың теңге.

Шантөбе кентiнiң 2019 жылға арналған кiрiстерi 21 192 мың теңге сомасында, соның iшiнде қалалық бюджеттен берiлген субвенция — 16 422 мың теңге. 2019 жылға арналған шығындар 21 192 мың теңге сомасында анықталды, оның iшiнде кент әкiмi аппаратын ұстауға — 15 275 мың теңге мемлекеттiк рәмiздерге — 437 мың теңге, оқушыларды тегiн тасымалдауды ұйымдастыруға — 2 500 мың теңге, көшелердi жарықтандыруға — 750 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге — 300 мың теңге, абаттандыру мен көгалдандыруға — 430 мың теңге, жолдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге — 1 500 мың теңге.

Депутаттар ЖӨӨБ органдарының бюджетiн бiрауыздан бекiттi.

Приложения:

Поясн. записка к бюджету на 2019-2021 год поселки

О бюджетах поселков 2019

Дата публикации
07 сентября 2020