2019-2021 жылдарға арналған Степнгогорск қаласының бюджеті

Қалалық қоғамдық кеңесте 2019 — 2021 жылдарға арналған қала бюджетiнiң жобасы мақұлданды. Оны қоғамдық кеңес мүшелерi мен қалалық мәслихат депутаттарына экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Шолпан Төлегенова таныстырды. 2019 жылға арналған қала бюджетiнiң кiрiстерi 6 649 514 мың теңге сомасында қалыптастырылды, оның iшiнде облыстық бюджеттен трансферттер 3 440 306 мың теңге сомасында, оның құрамында субвенция 1 955 906 мың теңге мөлшерiнде. Салықтардан ең үлкен үлес салмағы 2 188 878 мың теңге мөлшерiнде әлеуметтiк салық бар.

2019 жылға арналған қалалық бюджет шығындары 6 426 743 мың теңге сомасында қалыптасты. Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтерге шығындар құрамында 318 121 мың теңге, қорғанысқа — 67 708 мың теңге, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiкке — 2 234 мың теңге, бiлiм беруге — 3 924 810 мың теңге, әлеуметтiк көмекке және әлеуметтiк қамсыздандыруға 373 278 мың теңге, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығына — 442 771 мың теңге, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңiстiкке — 388 928 мың теңге, ауыл шаруашылығы және жер қатынастарына — 67 731 мың теңге, Өнеркәсiп, сәулет және қала құрылысы саласына 48 424 мың теңге, көлiк және коммуникация саласына 673 556 мың теңге, басқа да ағымдағы шығыстарға 30 713 мың теңге қарастырылған.

Приложения:

Решение

Пояснительная

Дата публикации
07 сентября 2020