ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
| Бағдарлама атауы | Ақмола облысы Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылының жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған бағдарламасы |
| Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары | Ақмола облысы Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылының құрылған жылы-1998 жыл;халық саны-558 адам;ауыл саны-1 бірлік.;аумағы – 5140 га.;жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні-2014 жыл, олар жіберілген мерзімі-1 жыл.;жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 10 адам. |
ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Степногорск қаласының Қырық құдық ауылын дамыту
Қырық құдық ауылының жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2020 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 558 адамды құрайды.
Ауыл бойынша 3 ШҚ, 11 жеке кәсіпкер тіркелген.
Мал шаруашылығы-шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қызметінің негізгі түрі.
Бағдарлама Экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді ұсынумен, жұмыссыздықтың азаюымен, жаңа жұмыс орындарын және т. б. құруға байланысты мәселелерді қозғайды.
Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.
Ауыл шаруашылығы.
Ауылдық аула саны 127 (88 үй). Оның ішінде 106 аула жеке қосалқы шаруашылығына ие. 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық мал басы құрады: ІҚМ 1577 (117,6%), ҰҚМ 2551 (111,8%), жылқы 630 (115,1%), құс 750 (100%). Малдардың кейбір түрлері бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ауыл тұрғындарының мал басының өсуі байқалады. Бұл мал шаруашылығын дамыту саласында жаңа шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің ашылуына байланысты. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес әр түрлі жұқпалы ауруларға егу және зерттеу жұмыстары уақытында жүргізіледі. Тіркелген ауыл шаруашылығы техникасының саны 19 бірлікті құрайды.
Кәсіпкерлікті дамыту.
Ауыл аумағында 3 шаруа қожалығы («Ислам», «Мейрам», «Нұрдәулет») және мал шаруашылығын дамытумен айналысатын 11 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. 2 жеке кәсіпкер сауда-сатып алу қызметімен айналысады (ЖК Галкин Б. және ЖК Абетова К.). 1 кәсіпкер қызмет көрсету саласында жұмыс істейді (ЖК Салдатхан А.).
2019 жылы мал шаруашылығын дамыту саласында 5 Жеке Кәсіпкер және 1 Шаруа Қожалығы тіркелді.
Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, әкімдік мамандарымен апта сайын ауыл дүкендерінің бағасына мониторинг жүргізіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Ағымдағы жылы жұмыссыз ретінде 35 адам тіркелді (оның ішінде әйелдер – 11, 16-29 жас аралығындағы жастар-14).
Адрестік Әлеуметтік Көмек 21 отбасы (104 адам) 8 594 488 теңге сомасын алды.
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 2019 жылы 35 адам қатысты, оның ішінде:
қайта даярлау – 2 адам («тау-кен жабдықтарын жөндеуші - слесарь» мамандығы бойынша - Ибраев Р. Н., Жанабеков Ж.С.);шағын несие алды - 5 адам, 2240,0 мың теңге ( мал шаруашылығын дамытуға Кайнашева А.Т, Ханаш А., Сайфуллин Е., Өмірбек А, Нұртуған М.);грант алды-3 адам, 1262,5 мың теңге (мал шаруашылығын дамытуға Самет С., Жеңісбек Т., Тельманов Н.);әлеуметтік жұмыс орындары - 9 адам («Ислам» ШҚ, «Мейрам» ШҚ);жастар тәжірибесі – 5 адам («Ислам» ШҚ, «Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Қырық құдық орта мектебі» КММ);қоғамдық жұмыстарға 11 адам жіберілді (оның ішінде әйелдер – 2).
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қалалық бюджеттен 1666,0 мың теңге бөлінді.
Мұқтаж азаматтарға Жергілікті Атқарушы Органын шешімі бойынша 33 адам 1 869 025 теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек алды.
Әлеуметтік қызмет көрсетуде 2 адам бар:
- Жалғыз тұратын зейнеткерлер - 1 адам (Фролова Людмила Алексеевна);
- Мүгедек балалар - 1 адам (Саржан Хали).
2017 жылғы 1 наурызда «Центр Газ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігімен газ жеткізу шарты жасалды. Өткен жылдың 12 айында 763 газ баллоны сатылды, бір дана 2000 тг құрады.
Білім.
Ауыл аумағында мәртебесі бойынша қазақ және орыс тілінде оқытатын шағын жинақты «Қырық құдық ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.
Барлық оқушылар-84, мемлекеттік тілде оқытатын мектепалды сыныпта 13 бала.
Мектеп жанында «Айгөлек» шағын орталығы жұмыс істейді, онда 20 бала тәрбиеленуде.
Барлығы 39 қызметкер, оның ішінде 21 педагог, оның ішінде жоғары білімді 15, арнаулы орта 6, жоғары санатты 1, бірінші санатты 12, екінші санатты 1, санатсыз 7 оқытушы.
2019 жылы жұмыстың маңызды бағыты қалалық бюджет есебінен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту болды. 3 млн теңгеге мектеп шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, 2 млн 800 мың теңгеге бес оқу кабинеттеріне жөндеу жүргізілді, оқу кабинеттерін, мектеп асханасын жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалды. Қауіпсіздік мақсатында ғимараттың ішінде 3 және сыртында 7 бейнебақылау орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мектептің қолайлылығы мен қолжетімділігі үшін пандус орнатылды. Мектеп қазандығына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 226 тонна көлемінде қатты отын әкелінді. «Айгөлек» шағын орталығына төсек-орын жабдықтары жаңартылды, спорттық бұрыш сатып алынды. Еңбек сабақтарына тігін машинасы сатып алынды.
Мектеп қызметкерлерінің күшімен бірінші және екінші қабаттағы кабинеттерге, асханаға, спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткізу режимін ұйымдастыру мақсатында фойеде вахтер үшін аймақ ресімделген.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушыларға үлкен қолдау көрсетіледі. «Всеобуч» қорынан 45 оқушы тегін ыстық тамақпен, мектеп және спорт формасымен, жаңа жылдық сыйлықпен қамтамасыз етілді, екі оқушы Азық-түлік жеткізуші Құмажанов Мақсат есебінен тегін тамақтанады.
Спорт.
Спортпен айналысу оқу процесі кезінде дене шынықтыру сабақтарымен және оқушыларға арналған секциялармен ғана шектеледі. Ауыл тұрғындарын спортпен шұғылдануға тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілмейді. Спорт бойынша әдіскер ставкасы жоқ.
Мәдениет.
Қырық құдық ауылының кітапханасы 12000 дана кітап қорымен жұмыс істейді. 10 орынға арналған оқу залы жұмыс істейді. Мектеп ұжымымен және ауыл тұрғындарымен бірге ресми, сондай-ақ ресми емес мерекелерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Денсаулық сақтау.
Ауылда медициналық пункт жұмыс істейді. Саны 1 қызметкер - фельдшер. Жеңілдікті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылады. Флюоро тексеру жоспары 100 % орындалды, 282 адам, барлық балалар жоспарлы вакцинациядан өтті. Ауыл тұрғындарына кеңес беру үшін тар мамандардың жоспарлы шығулары ұйымдастырылды.
Санитария және абаттандыру.
2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқы кезеңде жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді, оған 300 мың теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, қалалық бюджет есебінен «Голоядов В.» ЖК 1 млн теңгеге 3000 текше метр ірі көлемді құрылыс қоқысын шығарды. Сонымен қатар, ол 1 млн 400 мың теңгеге Қаныш Сәтпаев көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді және де И. Панфилов, С. Сейфуллин, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин мен Бөгенбай батыр көшелері бойындағы жолдарды ішінара толтырды.
«Автотранспортная механизированная компания» Жаупкершілігі Шектеулі Серіктестігі, басшысы Агеев В., сомасы 4 млн. теңгеге 12000 текше метр құрылыс қоқыстарын шығарды.
Халықтың өз қаражаты есебінен 2019 жылы 2000 текше тұрмыстық қоқыс шығарылды. Екі стихиялық қоқыс орны жойылды.
100 алма ағаштары отырғызылды.
514 500 теңгеге 147 аншлаг орнатылды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бөгенбай батыр көшесі, 14 мекен-жайында ЖК Ислам 3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Бөгенбай батыр көшесі бойынша 580 мың теңгеге металл қоршауларға ағымдағы жөндеу жүргізілді
Сондай-ақ, Қаныш Сәтпаев көшесі бойынша қалалық бюджет есебінен көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 12 жарықтандыру құралы орнатылды және оған 1 млн 830 мың теңге жұмсалды.
Санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар аясында 7 сенбілік өткізіліп, оған 275 адам қатысты, әкімдік ғимараты мен мектеп жанындағы жиектері және 40 ағаш ағартылды.
33 қаңғыбас ит ауланып, жойылды.
Сумен жабдықтау.
2019 жылы «Степногорск су арнасы» су қысқыш мұнарасына ағымдағы жөндеу жүргізді, су 118 үйде өткізілді, бұл 92% құрайды. Тұрғындар суды өз қаражаты есебінен қосты.
Құқық тәртібі.
Ауылға Степногорск қаласының Ақсу ауылдық полиция бөлімі қызмет көрсетеді. Кесте бойынша жұмыс істейді. Ауылға үнемі барып тұрады. 2019 жылы жалпы сомасы 84 мың теңгеге 54 хаттама жасалды. Оның 15 мың теңгесі өндіріліп алынды.
2.2 Проблемалық сұрақтар мен тәуекелдер
Әлеуметтік блок
- акт залы, кітапхана, спорт залы, ас блогы бар ауылдық мәдениет үйінің құрылысы қажет;
- медициналық пункт ғимаратын жөндеу қажет;
- ауылдың орта мектебі қырыққа жуық адам жұмыс істейтін жұмыс орындарын ұсынатын жалғыз ірі кәсіпорын болғандықтан, халықты жұмысқа орналастыру проблемалы мәселе болып табылады.
Инженерлік инфрақұрылым
- ауылдың жеті көшесіндегі автомобиль жолдарын жөндеу қажет (жалпы ұзындығы 5 км);
- су қысымды мұнараны жөндеу қажет;
- ауылдың бес көшесіндегі (3 мың метр) электр жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеу қажет.
Экономикалық блок
- Қырық құдық ауылындағы ШОБ-тің дамуына байланысты мәселе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің болмауы болып табылады;
- халықтың жеңілдікті несиелеуді алудағы проблема өтімді кепілдік базаның болмауы болып табылады.
Байланыс және интернет
- Қазпошта бөлімшесінің болмауы.
Ауыл шаруашылығы
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің болмауы, соның ішінде мал жаю үшін жайылымдар.
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Қаржылан-дыру көлемі(мың теңге) | Қаржылан-дыру көзі | Іске асыру мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| I. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ | |||||
| 1.1 | Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету | Оқу туралы сертификаттар алу, несие алу | 50 000,0 | РБ | 2022 |
| 1.2 | Спорт залы мен ас блогы бар көпфункционалды ауылдық мәдениет үйін салу | Енгізу актісі | 150 000,0 | РБ | 2022 |
| ІІ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ | |||||
| 2.1 | Халықты жыл сайын 100% флюорографиялық тексеруден өткізу | тексерілді | - | - | 2022 |
| III. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ | |||||
| 3.1 | Автомобиль жолдарын ұстау және жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Орындалған жұмыстар актісі | 1100,0 | ЖБ | 2022 |
| 3.2 | Асфальт жабыны бар жолдардың шұңқырларын жөндеу | Орындалған жұмыстар актісі | 2100,0 | ЖБ | 2022 |
| 3.3 | Жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеу | Орындалған жұмыстар актісі | 6000,0 | ЖБ | 2022 |
| 3.4 | Жолдарды себу | Орындалған жұмыстар актісі | 4000,0 | ЖБ | 2022 |
| 3.5 | Қоршауларды орнату | Орындалған жұмыстар актісі | 1800,0 | РБ | 2022 |
| 3.6 | Құрылыс қоқыстарын шығару | Орындалған жұмыстар актісі | 3000,0 | ЖБ | 2022 |
| 3.7 | Тұрмыстық қоқыстарды шығару | - | 2000,0 | Меншікті қаражат | 2022 |
| IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ | |||||
| 4.1 | Мектеп, кітапхана және халықтың қатысуымен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу | Концерттік бағдарламалар, көрмелер | - | - | 2022 |
| 4.2 | Спорт алаңын орнату | Орындалған жұмыстар актісі | 11000,0 | ЖБ | 2022 |
| V. ШОБ | |||||
| 5.1 | Жол бойындағы сервис объектісін ашу | Орындалған жұмыстар актісі | 12000,0 | Жеке инвестициялар | 2022 |
| 5.2 | Қызмет көрсету нысанын ашу (ТҚС) | Орындалған жұмыстар актісі | 3000,0 | Жеке инвестициялар | 2022 |
| 5.3 | Қайнашева ЖК мал шаруашылық базасының құрылысы | Енгізу актісі | 2500,0 | Жеке инвестициялар | 2022 |
| 5.4 | Ауыл шаруашылығы техникасына арналған гараж салу | Енгізу актісі | 3000,0 | Жеке инвестициялар | 2022 |