Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген
№ 1
«09» қаңтар 2020 жыл
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
________Заводской кенті________
(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
(аудан және облыс атауы)
2020-2022 жылдарға
Әзірлеуші: «Заводской кенті әкімі аппараты» ММ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
| Бағдарламаның атауы | 2020, 2021 және 2022 жылдарға арналған Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кентінің дамыту бағдарламасы |
| Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары | - Заводской кентінің құрылу кезеңі 1968 жыл;- халық саны 3833 адам;- аумағы 130 га құрайды;- жергілікті қоғамдастық жиналысының 2019 жылдың қаңтар айында құрылған және оларға өкілестік берілген мерзім 1 жыл;- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 17 адам. |
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту
2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Заводской кенті тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2020 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3833 адамды құрайды
Кент бойынша 4 ЖШС, 1 ШҚ, 58 жеке кәсіпкер тіркелді.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Экономикалық белсенді халық саны - 2 691 адам, жұмыспен қамтылған халық - 2585 адам, жұмыссызретінде тіркелген - 44 адам.
Қоғамдық ақылы жұмысқа 1 415 мың теңге бөлінді.
Заводской кенті әкімі аппаратында мынадай жеңілдіктер жасалады:
Мақсатты әлеуметтік көмекті - 31 адам.
Тұрғын үй көмегі - 5 адам.
Қайта даярлау – 17 адам
Әлеуметтік қызметтер:
Кентте жалғыз тұратын зейнеткерлер саны -15 адам, 8 адам. мүгедек балалар. Әлеуметтік қызметте - 16 адам .
Өнеркәсіп
Көптеген өнеркәсіп кәсіпорындар іргелес аумақта – қаланың өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Кентте «МСУ-104» ЖШС, «Целингормаш» ЖШС, «Надежда-М» ЖШС, «ЗГО» ЖШС, «АТМК» ЖШС.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Кентте сауда-сатып алу қызметімен және халыққа қызмет көрсетумен айналысатын 58 жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асырады. Кентте 35 дүкен, 2 кафе, 1 ЖҚС, 2 ГҚС, 1 ТҚС, 2 шиномонтаждау, 1 дәріхана, 3 шаштараз, 1 киім тігу ательесі, 2 наубайхана, такси бюросы және автотұрақ, қоғамдық монша жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы
Шаруашылық есепке сәйкес аулалық учаскілері бар үйлер саны – 618, 336 бас ІҚМ, 66 бас шошқа, қой – 518 бас қой, 387 бас жылқы, 2400 бас құс. «Балу» шаруашылығы жұмыс істейді.
Шаруа қожалықтарында мал мен құстың бары туралы мәлімет: қой – 108 бас, жылқы – 56 бас, құс – 6528 бас.
Коммуналдық шаруашылық
Аулалардың саны 1283-ге тең. Барлық көп қабатты үйлер мен әлеуметтік қамсыздандыру нысандары орталықтандырылған жылытумен жылытылады. Кент жолдың ар жақ бөлігіндегі жеке үйлер пешпен жылытылады.
«Каскад» ЖШС (Н.Морозова) кент тұрғындарын газбен қамтамасыз етеді. Жылыту маусымына халық үшін көмірге қажеттілік 1400 тонна. Көмірді сататын орын бар.
«СтепногорскЭнергосбыт» ЖШС кентті энергиямен жабдықтырады.
Су орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі арқылы жеткізіледі. Құрылыстарды және тұрғын үйді қамту 100% құрайды.
Әлеуметтік саласы
Білім
Кентте орта мектеп жұмыс істейді, 30 сынып бар, оқушылар саны 547. Барлық жұмысшылардың саны 89, оның ішінде 53 мұғалім жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
«Арай» балабақшасында 3 топта 80 бала бар. 3 – 5 жастағы мектепке дейінгі балалар тәрбиеленеді.
Мәдениет.
Негізгі мәдени іс-шаралардың өткізілетін орны, Ақсу кентінің мәдениет үйінің филиалы Заводской кентінің клубы, 2 адам жұмыс істейді. Музыкалық мектеп филиалында сазды аспап, фортепиано, скрипка, домбыра класстарымен оқитын 40 оқушы бар. 4 мұғалім жұмыс істейді. «Арман» клубы жұмыс істейді. Клубта түрлі иірмендер бар. Заводской кентінде 27 мыңан аса кітап қорымен кітапхана жұмыс істейді. 8 орынды оқу залы бар.
Спорт.
Салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен шұғылдануды қамтамасыз ету мақсатында кент тұрғындары, кәсіпкерлері мен мекемелері арасында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Кент орта мектебінің аумағында көпфункционалды спорт алаңы құрылды
Денсаулық сақтау.
18 жұмыскер штат санымен кенттік емхана жұмыс істейді, оның ішінде 2 жалпы тәжірибе дәрігері, 10 медбике жұмыс істейді. Жедел жәрдем бар, жеңілдікпен берілетін дәрілер, бар көлемде қамтылады. Тұрғындардың жоспарлық медициналық қарау жұмыстары жүргізіледі. Флюорографиялық тексеруді орындау жоспары – 104 %.
Абаттандыру.
Кентте абаттандыру және санитарлық тазарту айлықтары аясында, жергілікті бюджет пен демеушілік қаражат есебінен 50 түп көшет отырғызылды, 320 дана ағаш кесілді. Бөгенбай батыр мен Қ.Сәтпаев көшелерінің бойында 700 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды. Бюджет қаражаты есебінен Бейбітшілік, Құрманғазы және А.Кұнанбайұлы көшелерінің бойында 3 рұқсат етілмеген қоқыс жерлері жойылды. 50 тонна қоқыс шығарылды.
Строителей көшесі мен Әлия Молдағұлова, Жастар көшесіне дейінгі демеушілік қаражатқа, 14 көше жарықтандыру шамдары орнатылды. «Степногорск Водоканал» кентте сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, абаттандыруды қалпына келтіру аясында Қ.Сәтпаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 800 метр жол жөнделді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен, 5 млн. теңгеге кенттің жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді (Голоядов ЖК). Б.Момышұлы,
А. Құнанбаев көшелері және Етекбай би көшесінің бір бөлігі орташа жөндеу үшін, 27 млн. теңгеге өтінім берілді. Өтініш қарастырылған жағдайда, 2020 жылы үш көшенің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.
Кент пен қаланың жеке кәсіпкерлері мен ЖШС-нің демеушілік қаражаты есебінен, «Еңбек-Астана» ЖШС 600 мың теңге қаражатқа балалар алаңын жасап, орнатты.
«ЗГО» ЖШС-нің демеушілік қаражатымен Қ.Сәтпаев, Б.Момышұлы, Сарыарқа көшелеріне 4 аялдама жасалып, орнатылды.
Бюджеттің төртінші деңгейіне кіріс түсімдерін жоспарлау
| Түсімнің атауы | 2020 жылға арналған қаржылық жоспар | 2021 жылға арналған қаржылық жоспар | 2022жылға арналған қаржылық жоспар |
| Жеке табыс салығы | 990 | 1059 | 1133 |
| Жеке тұлғалардың мүлкіне салық | 88 | 94 | 100 |
| Жер салығы | 528 | 565 | 605 |
| Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 780 | 835 | 893 |
| Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 5640 | 2825 | 3023 |
| Мемлекеттік мүліктен жалақы алу | 690 | 738 | 790 |
| Түсімдерді аудару | 17578 | 18808 | 20125 |
| Всего поступлений | 22514 | 24090 | 25776 |
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
- Көше жарықтары: Т. Бигелдинов, Бөгенбай батыр;
- кенттің санитариясын қамтамасыз ету, қоқыстарды жою;
- кент ішіндегі жолдарды жөндеу;
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № | Іс-шаранын атауы | Аяқтау нысаны | Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) | Қаржыландыру көзі | Іске асыру мерзімдері | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| I.БІЛІМ БЕРУ | ||||||
| 1.1 | «Мектепке жол» акциясы | іс-шаралар жоспары | - | демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдары | |
| II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ | ||||||
| 2.1 | Жалғыз зейнеткерлерге әлеуметтік көмек | түрлі көмек көрсету | - | демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдары | |
| 2.2 | Халықтың әлеуметтік осал топтарын көмірді төмендетілген бағамен сатып алуда қалыптастыру | Көмірмен қамтамассыз ету | - | демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдары | |
| 2.3 | Әлеуметтік ақылы жұмыс ұйымдастыру | уақытша жұмыспен қамту | - | жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдары | |
| 2.4 | Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру | жұмыспен қамтамасыз ету | - | - | 2020-2022 жылдары | |
| III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ | ||||||
| 3.1 | Халықтың рентгендік зерттеуді жыл сайын 100% өтуі | - | қарастырылмаған | 2020-2022 жылдары | ||
| IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ | ||||||
| 4.1 | Қ.Сәтпаев көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары | жөндеуден өткен үйлер | - | Пәтер иелері | 2020-2021 жылдары | |
| 4.2 | Ойын алаңын орнату | ойын алаңы | - | Демеушілік қаражат | 2020 жыл | |
| V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ | ||||||
| 5.1 | Мерекелік іс-шараларды өткізу | - | Демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдар | ||
| VI. КӘСІПКЕРЛІК | ||||||
| 6.2 | Жеке балабақша ашу | балабақша | - | Несие қаражаты | 2020-2021 жылдары | |
| VII. БАСҚА | ||||||
| 7.1 | Құрылыс қалдықтарын жою | алаңды қоқыстан тазарту | 320 | жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдар | |
| 7.2 | Жасыл кеңістіктерді қысқарту | кеңістіктерді қысқарту | 250 | жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдар | |
| 7.3 | Ағаш отырғызу | Алаңды көгәлдәндіру | 100 | жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдар | |
| 7.4 | Қысқы және жаз мезгілінде жолдарды күтіп ұстау | Жолдың жұмыс істеуі | 2020 ж.- 5002021 ж.-5352022 ж.- 572 | жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдар | |
| 7.5 | Кент ішіндегі жолдарды орташа жөндеу | жолдарды жөндеу | 27000,0 | қала бюждеті | 2019-2022 жылдар | |
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Заводской кенті әкімі аппараты» ММ жауапты болып табылады.