ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
| Бағдарламаның атауы | 2020, 2021 және 2022 жылдарға арналған Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу кентінің дамыту бағдарламасы |
| Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары | - Ақсу кентінің құрылу кезеңі 1929 жыл;-01.01.2019 жылға халық саны 4024 адам;- аумағы 8392 га құрайды;- жергілікті қоғамдастық жиналысының 2020 жылдың қаңтар айында құрылған және оларға өкілестік берілген мерзім 1 жыл;- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 25 адам. |
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту
2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Ақсу кенті тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2020 жылғы 1 каңтар халық саны 4024 адамды құрайды
Кент бойынша 2 ЖШС, 3 ШҚ, 44 жеке кәсіпкер тіркелді. Шаруа қожалықтарының негізгі бағыты-мал өсіру.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Экономикалық белсенді халық саны – 2 335 адам, жұмыспен қамтылған халық - 2215 адам, жұмыссызретінде тіркелген - 3 адам, зейнеткерлер-300 адам, мнгедектер-87 адам, көпбалалы-49 жанұя, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған жанұялар саны-25.
Өнеркәсіп
Кент аумағында үш кәсіпорын жұмыс істейді - алтын өндіру бойынша "Қазақалтын ТКМК" АҚ (1250 адам), ТМО қайта өңдеу бойынша- "Қазақалтын Tehnology" ЖШС (140 адам) және "Алтынтау" темір жол станциясы "ҚТЖ ҰК" АҚ (75 адам) жүк және жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер. Негізінен жергілікті халық осы кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік
Кентте шағын және орта бизнес саласында 44 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Кентте 1 шиномонтаж шеберханасы, 26 дүкен, 1 дәріхана, 1 киім тігу ательесі, 2 шаштараз, 6 мал шаруашылығын дамыту, 1 краншы қызметі, 2 жүк тасымалдау, 2 қара және түсті металл қабылдау пункті, электр жабдықтарына қызмет көрсету, мал жаю және такси қызметі жұмыс істейді. Бизнесте 100-ден астам адам жұмыс істейді. 2019 жылы 8 бизнес нысанын ашу жоспарлануда, онда 13 жаңа жұмыс орны 01.08.2019 ж.жағдай бойынша 6 объект ашылды.
Ауыл шаруашылығы
Қосалқы шаруашылығы бар аула саны – 208. Барлық ірі қара мал басы – 1839 бас, жылқы – 655, ұсақ мал – 2369, құс – 1425, мал шаруашылығы бағытындағы 3 "Алтын", "Қазбек", "Даул" шаруа қожалығы жұмыс істейді. Жайылымдар-6733 га, шабындық жерлер-56 га. Тұрғындарды шөппен қамтамасыз етуді жақын маңдағы ауылдар және кенттің 3 бригадасы қамтамасыз етеді.
Коммуналдық шаруашылық
Аула саны-989. Әлеуметтік саланың барлық объектілері автономды көздерінде, пешпен жылытылатын тұрғын үйлер.
Кент тұрғындарын газбен "Каскад" ЖШС (Н. А. Морозова) қамтамасыз етеді. Жылыту маусымына тұрғындар үшін көмір қажеттілігі 6000 тонна. 1800 тонна көмір дайындалды. Көмірді сату бойынша "Қазақалтын ТМК" АҚ және "Акс Сұңқар-2000" ЖШС екі т/ж тұйығы бар.
Кентте электрмен жабдықтау "Көкшетау-Энерго" ЖШС қызметімен жүзеге асырады.
Сумен қамтамасыз ету
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Кент ішінде 11 колонкалар жұмыс істейді, су жеткізу "Степногорск – водоканал" МКҚК-ның су тасымалдаушыларымен әзірленген кесте бойынша жүзеге асырылады. 2017 жылы сәуір айынан бастап Ақсу кентін сумен жабдықтау бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда. "Нұрлы жол" бағдарламасын орындау шеңберінде "Ақсу, Заводской кенттерінің су құбыры жүйесін қайта құру (соңғы кезең)" жобасы бойынша қайта жаңғыртылатын құбырлардың ұзындығы 42,5 км құрайды. Құбырларды пайдалануға беру 2019 жылдың қазан айына жоспарланған.
Жолдар
Автомобиль жолдарының ұзындығы-24 км, асфальт жамылғысы-18 км, қиыршық тас жамылғысы-6 км.жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз. Осы мәселелерді шешуге бюджеттен 10 млн.теңге жұмсалды және қала бюджетін нақтылап, тағы да 10 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Степногорск водоканал" ШЖҚ МКК абаттандыруды қалпына келтіру аясында сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру аяқталғаннан кейін автобус бағыты бойынша Кварцитка жолдарын ағымдағы жөндеуге шамамен 47 млн.теңге жұмсады. Кент бойынша барлығы 3 км жол жөнделді.
Әлеуметтік саласы
Білім
Кент аумағында үш мектеп жұмыс істейді, онда 553 оқушы оқиды. Жұмыс істейтіндердің жалпы саны 125 адам, оның ішінде мұғалімдер саны – 74. Барлық мектептерде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "шағын орталықтар" жұмыс істейді. №1,2 ОМ, НМ және спорт залына, сондай-ақ жылыту жүйесіне жөндеу жүргізу қажет.
Мәдениет.
Негізгі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу орны 200 орындық, штаттық саны 13 адам, көрермен залы бар, мәдениет үйі болып табылады. Мәдениет үйінде 66 адам шұғылданатын 11 түрлі үйірмелер, сонымен қатар 40 мәдени-көпшілік іс-шаралар, жастар би кештері өткізілді. 15300 кітап қоры бар кенттік кітапхана бар.
Спорт.
Салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа жаппай тарту мақсатында кент тұрғындары, кәсіпорындары мен мекемелері арасында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. 2018 жылы көпфункционалды спорт алаңы салынды. Тағы бір спорт алаңы қажет.
Денсаулық сақтау.
Емхана бар, штаттық саны 17 адам, оның ішінде 2 дәрігер, 4 орта медициналық қызметкер. Емхана ғимаратын жөндеу және қоршау орнату қажет.
Бюджеттің төртінші деңгейіне кіріс түсімдерін жоспарлау
| Түсімнің атауы | 2020 жылға арналған қаржылық жоспар | 2021 жылға арналған қаржылық жоспар | 2022жылға арналған қаржылық жоспар |
| Жеке табыс салығы | 2161,0 | 2312,0 | 2463,0 |
| Жеке тұлғалардың мүлкіне салық | 75,0 | 80,0 | 86,0 |
| Жер салығы | 2225,0 | 2381,0 | 2548,0 |
| Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 1112,0 | 1190,0 | 1273,0 |
| Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 6687,0 | 7155,0 | 7655,0 |
| Мемлекеттік мүліктен жалақы алу | 319,0 | 341,0 | 365,0 |
| Түсімдерді аудару | 17286,0 | 18496,0 | 19791,0 |
| Всего поступлений: | 29865,0 | 31955,0 | 34181,0 |
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Мынадай мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бойынша ұсынылады):
- жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықты төмендету;
- кәсіпкерлікті, атап айтқанда, қызмет көрсету саласын дамыту;
- көшелерді жарықтандыру;
- көркейту және көгалдандыру;
- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, құрылыс қоқыстарын жою;
- сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
- кенттің жолдарын жөндеу;
- төмен салық базасы;
- экологиялық қауіпсіздік.
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № | Іс-шаранын атауы | Аяқтау нысаны | Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) | Қаржыландыру көзі | Іске асыру мерзімдері |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| I.БІЛІМ БЕРУ | |||||
| 1.1 | №2 ОМ ғимаратын жөндеуге ЖСҚ әзірлеу | ЖСҚ алу | - | Қалалық бюджет | 2020-2021 жылдар |
| 1.2 | №2 ОМ жанындағы қосымша жылыту жүйесін орнатумен спортзалын жөндеу | Жөнделген спортзал | - | Демеушілік қаражат/бюджеттік қаражат | 2020-2021 жылдар |
| 1.3 | Ақсу к. №1 ОМ күрделі жөндеу | Күрделі жөндеу | 163 900,0 | Облыстық бюджет | 2020 жыл |
| II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ | |||||
| 2.1 | Жалғыз зейнеткерлерге әлеуметтік көмек | Түрлі көмек көрсету | - | Демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдар |
| 2.2 | Халықтың әлеуметтік осал топтарын көмірді төмендетілген бағамен сатып алуда қалыптастыру | Көмірмен қамтамассыз ету | - | Демеушілік қаражат | 2020-2022 жылдар |
| 2.3 | Әлеуметтік ақылы жұмыс ұйымдастыру, ӘЖО, ЖТ, ҚД. | Уақытша жұмыспен қамту | - | Жергілікті бюджет | 2020-2022 жылдар |
| 2.4 | Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру | Жұмыспен қамтамасыз ету | - | - | 2020-2022 жылдар |
| III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ | |||||
| 3.1 | Емхана ғимаратын жөндеуге ЖСҚ дайындау | ЖСҚ алу | - | Облыстық бюджет | 2020 жыл |
| 3.2 | Емхананың аумағы бойынша қоршауды орнату | Қоршалған аумақ | - | Демеушілік қаражат | 2020 жыл |
| IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ | |||||
| 4.1 | Көп қабатты үйлердің ғимаратын ағымдағы жөндеу | Жөндеуден өткен үйлер | - | Меншікті қаражаттары | 2020-2022 жылдар |
| 4.2 | Тұрғындарды көмірмен жабдықтау | Көмірмен қамтамасыз ету | - | Демеушілік қаражат | 2020-2020 жылдар |
| V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ | |||||
| 5.1 | Көпфункционалды спорттық алаңын жасау | Спорттық алаң | 10 000,0 | Демеушілік қаражат | 2020 жыл |
| 5.2 | Мерекелік іс-шараларды өткізу | Маңызды іс-шаралар өткізу | - | - | 2020-2022 жылдар |
| 5.3 | Кентте спорттың дамуы | Спорттық шараларды өткізу | - | - | 2020-2022 жылдар |
| VI. КӘСІПКЕРЛІК | |||||
| 6.1 | Шағын және орта бизнестің дамуы | 8 бизнес нысаның ашу | - | Облыстық бюджет/қалалық бюджет/ меншікті қаражат | 2020 жыл |
| VII. БАСҚА | |||||
| 7.1 | Тау-кен өндіру кәсіпорындарының санитарлық-экологиялық нормаларды сақтауы | Таза экология | - | Меншікті қаржаттары | 2020-2022 жылдар |
| 7.2 | Технологиялық жолдарды сумен ылғалдандыру | Жолдарда шанды болдырмау | - | Меншікті қаржаттары | 2020-2022 жылдар |
| 7.3 | Кентте экологиялық іс-шаралар өткізу қоқыстарды жинау, қоқыс тастайтын жерлерді жою, жасыл желектерді отырғызу | Таза кент | - | - | 2020-2022 жылдар |
| 7.4 | Қысқы және жаз мезгілінде жолдарды күтіп ұстау | Жолдың жұмыс істеуі | 2 000,0 | Жергілікті бюджет | 2020 жыл |
| 7.5 | Кент ішіндегі жолдарды орташа жөндеу | Жолдарды жөндеу | 50 000,0 | Республикалық бюджет | 2020 жыл |
| 7.6 | Қоқысты шығару | Аумақты қоқыстан тазалау | 2 000,0 | Жергілікті бюджет | 2020 жыл |
| 7.7 | Жасыл желектерді отырғызу | Көгаландыру | 500,0 | Демеушілік қаражат | 2020 жыл |
| 7.8 | Көше жарықтандыруы | Жарық көше | 1 000,0 | Демеушілік қаражат | 2020 жыл |
| 7.9 | Құрылыс қоқыстарын шығару | Көшелерді қоқыстан тазалау | 10 000,0 | Демеушілік қаражат | 2020 жыл |
| 7.10 | Басты көшелерде ағаштарды кесу | Ағаштарды жөндеу | 500,0 | Жергілікті бюджет | 2020 жыл |
| 7.11 | Мал басын көбейту | Үй шаруашылығындағы мал басын көбейту | - | Меншікті қаражат | 2020-2020 жылдар |
| 7.12 | ШҚ және ЖК мал шаруашылығы бағытын дамыту | ШҚ және ЖК ашу | - | Меншікті қаражат | 2020-2022 жылдар |