Степногорск әкiмдiгiнiң қаулысының жобасы
Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына
талшықты-оптикалық байланыс желiлерiн
жобалау, салу және пайдалану үшiн
жер телiмiн шектеулi мақсатты пайдалану
(қауымдық сервитут) құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 32, 36, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының жер қатынастары бөлiмi басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 191 НҚ «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желiлерiн (ТОБЖ) жобалау салу және пайдалану үшiн жер телiмiне жерге орналастыру жобасын бекiту туралы» бұйрығын, жер телiмдерiн жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға беру жөнiндегi комиссияның қорытындысын (2019 жылғы 16 мамырдағы № 8 хаттамасын) негiзге алып, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына Степногорск қаласының әкiмшiлiк шекараларында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желiлерiн (ТОБЖ) жобалау салу және пайдалану үшiн алаңы 6,0852 га, соның iшiнде ауылшаруашылық танаптары-6,0852 га, жайылымдар-5,17 га, басқа танаптар-0,9132 га алаңы жер телiмiне (3 жыл мерзiмге) шектеулi мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жер пайдалану құқығы берiлсiн.
«Қазақтелеком» акционерлiк қоғамы жер телiмiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де арнаулы талаптарды және нормативтердi сақтасын, желiлiк объектiлерге, жер асты және жер үстi коммуникацияларға кiрудi қамтамасыз етсiн.
Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Д.Қ. Әмiреновке жүктелсiн.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Е. Баяхметов