Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Степногорское ауылының атауын өзгерту туралы

ЖОБА

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКIМДIГIНIҢ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БIРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ МЕН ШЕШIМI

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2019 жылғы _____________

№ _____ қаулысы

Ақмола облыстық мәслихатының

2019 жылғы __________________

№ _____ шешiмi

Ақмола облысы

Степногорск қаласының

Бөгенбай ауылдық округiнiң

Степногорское ауылының

атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастикалық комиссияның 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулысының және Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 6С-35/5 «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округiнiң Степногорское ауылы атауын өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзу туралы» шешiмiнiң негiзiнде, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округiнiң Степногорское ауылының атауы Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округiнiң Байқоныс ауылына өзгертiлсiн.

2. Осы Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешiмi Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi М. Мырзалин

Ақмола облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы С. Аяғанов

Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы Д. Нұрмолдин

Дата публикации
07 сентября 2020