ЖОБА
Степногорск қаласында қоғамдық
тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудiң түрлерi мен
тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай
сыйақының мөлшерiнм айқындау туралы
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 маусымның «Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысының күшi жойылды деп танылсын. (құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6711 болып тiркелген, 2018 жылғы 12 шiлдеде "Степногорск ақшамы", "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерiнде жарияланған).
2. Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Е. Баяхметов
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi Ақмола облысының Полиция
департаментi Степногорск қаласының
Полиция басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы С. Ақмағанбетов
Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы «___»________
№ __________ қаулысына
қосымша
Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1-тарау. Көтермелеудiң түрлерi
1.Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хаты.
2.Ақшалай сыйақы.
2-тарау. Көтермелеудiң тәртiбi
3. Осы тәртiп Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудi ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.
4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрi — комиссия) қарайды.
5. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Ақмола облысының Полиция департаментi Степногорск қаласының Полиция басқармасы» (бұдан әрi — ПБ) мемлекеттiк мекемесiмен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгiзеледi.
6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
7. Ақшалай сыйақыны төлеудi ПБ облыстық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешiмiне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.
9. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
10. Ақшалай сыйақы мөлшерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың алдын алған көлемiн есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен бiлгiленедi және 20 еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.