ЖОБА
2019 жылға арналған
Степногорск қаласында
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметiнiң есебiнде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшiн жұмыс орындарының
квотасын белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуiрдегi «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13898 болып тiркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiловаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Е. Баяхметов
Приложения: