Жоба
Степногорск қаласында қоғамдық
тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды
көтермелеудiң түрлерi мен
тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай
сыйақының мөлшерiн айқындау
туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2 — тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi Ақмола облысының Iшкi iстер
департаментi Степногорск қаласының iшкi
iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi
бастығының мiндетiн уақытша атқарушы С. Ақмағанбетов
Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы «___»________
№ __________ қаулысына
қосымша
Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1-тарау. Көтермелеудiң түрлерi
1. Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хаты.
2. Ақшалай сыйақы.
2-тарау. Көтермелеудiң тәртiбi
3. Осы Тәртiп Степногорск қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудi ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.
4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылған комиссия ( әрi қарай — комиссия) қарайды.
5. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты «Ақмола облысының iшкi iстер департаментiнiң Степногорск қаласының iшкi iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай — IIБ) комиссияның қарауына енгiзедi.
6. Комиссия қабылдаған хаттамалық шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
7. Ақшалай сыйақыны төлеу IIБ облыстық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес IIБ бастығының қосымша бұйрығы шығарылады.
9. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлестерi үшiн Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хатын табыстауды, ақшалай сыйақы берудi IIБ салтанатты түрде жүзеге асырады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
10. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн, сондай — ақ, онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың алдын алған көлемiн есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленедi және ол 20 еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.