Степногорск қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлерін және тәртібін айқындау туралы

ЖОБА

Степногорск қаласының аумағында

қоғамдық тәртiптi қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудiң түрлерiн және

тәртiбiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Степногорск қаласының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi, 1 — қосымшаға сәйкес, айқындалсын.

2. Степногорск қаласының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi, 2 — қосымшаға сәйкес, айқындалсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «___»________

№ __________ қаулысына

1-қосымша

Степногорск қаласының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi

1. Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хаты.

2. Мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштен 20-еседен аспайтын ақшалай сыйақы.

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «___»________

№ __________ қаулысына

2-қосымша

Степногорск қаласының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi

1. Осы Тәртiп Степногорск қаласы аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудi ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң мәселелерiн Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылған комиссия ( бұдан әрi — комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты «Ақмола облысының iшкi iстер департаментi Степногорск қаласының iшкi iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — IIБ) комиссияның қарауына енгiзедi.

4. Комиссия қабылдаған хаттамалық шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5. Көтермелеу түрiн, оның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiне, онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың алдын алған көлемiн есепке ала отырып, комиссия белгiлейдi.

6. Ақшалай сыйақыны төлеудi IIБ облыстық бюджет есебiнен жүргiзедi.

7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн IIБ бастығының комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлестерi үшiн азаматтарға Степногорск қаласы әкiмiнiң алғыс хатын табыстауды, ақшалай сыйақы берудi IIБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

Дата публикации
07 сентября 2020