Көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

ЖОБА

Степногорск қаласының

елді мекендері аумағындағы

бөлек жергілікті қоғамдастық

жиындарын өткізу және жергілікті

қоғамдастық жиынына

қатысу үшін ауыл, көше,

көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары

өкілдерінің санын айқындау тәртібін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қоса берілген Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.Қоса берілген Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы А. Гетманов

Қалалық мәслихаттың

хатшысы Ғ. Көпеева

«КЕЛІСІЛДІ»

Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

Степногорск қалалық

мәслихатының

2018 жылғы___ ақпандағы

№ 6С-25/___ шешімімен

бекітілген

Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы»қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдың, ауылдық округінің әкімі шақырады.

Степногорск қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің, ауылдың,ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында, оған қатысуға құқығы бар, тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысушы тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды кенттің, ауылдың, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілетті берген тұлға ашады.

Кенттің, ауылдың, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілетті берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Степногорск қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Степногорск қалалық

мәслихатының

2018 жылғы___ ақпандағы

№ 6С-25/___ шешімімен

бекітілген

Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

Р/с № Степногорск қаласының елді мекенінің атауы Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуүшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1 Ақсу кенті 26
2 Бестөбе кенті 25
3 Заводской кенті 17
4 Шаңтөбе кенті 21
5 Изобильное ауылы 5
6 Қарабұлақ ауылы 10
7 Қырық кұдық ауылы 10
8 Новокронштадка ауылы 5
  Бөгенбай ауылдық округі
9 Степногорское ауылы 5
10 Бөгенбай ауылы 3
Дата публикации
07 сентября 2020