ЖОБА
2018 жылға арналған
Степногорск қаласында
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Степногорск қаласының өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы жұмысшылардың тізімдік санынан бір пайыздық мөлшерде 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-ші және 2-ші қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
Степногорск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___» _________
№ ____________ қаулысына
1-қосымша
2018 жылға арналған Степногорск қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
| Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың тізімдік саны | Жұмысшылардың тізімдік санынан белгіленген квотаның мөлшері (%) | Бас бостандығынан айыруорындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
| «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы | 1848 | 1 % | 18 |
| «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Степногорск-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 472 | 1 % | 5 |
| «Степногорск Темір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 299 | 1 % | 3 |
| «СТЕПНОГОРСКАВТОТРАНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 1 % | 1 |
| «Степногорск ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 591 | 1 % | 6 |
| «Степногорск Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 102 | 1 % | 1 |
Степногорск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___» _________
№ ____________ қаулысына
2-қосымша
2018 жылға арналған Степногорск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
| Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың тізімдік саны | Жұмысшылардың тізімдік санынан белгіленген квотаның мөлшері (%) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |