ЖОБА
2018 жылға арналған
Степногорск қаласында
ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Степногорск қаласының өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы жұмысшылардың тізімдік санынан бір пайыздық мөлшерде 2018 жылға жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
2017 жылғы «___» _________
№ ____________ қаулысына
қосымша
2018 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
| Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың тізімдік саны | Жұмысшылардың тізімдік санынан белгіленген квотаның мөлшері (%) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
| «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы | 1848 | 1 % | 18 |
| «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Степногорск-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 472 | 1 % | 5 |
| «Степногорск Темір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 299 | 1 % | 3 |
| «СТЕПНОГОРСКАВТОТРАНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 1 % | 1 |
| «Степногорск ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 591 | 1 % | 6 |
| «Степногорск Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 102 | 1 % | 1 |
| Ақмола облысы денсаулық сақтаубасқармасы жанындағы «Степногорск орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 471 | 1 % | 5 |