"Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ - нің 2023 жылға атқарған жұмыстары туралы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында халыққа 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 9 қызмет мүгедектігі бар адамдар үшін көрсетілімдерді ескере отырып, протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Қалада 2561 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 1 және 2 топ - 1277, 3 топ. - 996, балалар - 288.
2023 жылы әзірленген жеке бағдарламаларға сәйкес техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерді алуға 1037 өтінім берілді, оның ішінде:
протездік-ортопедиялық көмекке– 135;
Сурдотехникалық көмекке – 28;
Тифлотехникалық көмекке – 42;
Арнайы қозғалыс құралдарына – 44;
Санаторлы курорттық емделуге – 109;
Жеке көмекшінің қызметтеріне – 1;
Ымдау тілі маманының қызметтеріне – 26;
Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге –652.
Осы мақсаттарға бөлінген 131,9 млн. теңге, оның ішінде РБ тен 89,9 млн. теңге және ОБ, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатынан 41,9 млн. теңге 100% игерілді, оның ішінде:
- Санаторлы курорттық емделуге - 17,7 млн. тенге;
- протездік-ортопедиялық көмекке – 10,5 млн. тенге;
- Тифлотехникалық көмекке - 4,5 млн. тенге;
- сурдотехникалық құралдар - 1,3 млн. тенге;
- кресло-арбалар - 5,3 млн. тенге;
- міндетті гигиеналық құралдар– 82,5 млн. тенге;
- ымдау тілі маманының қызметі және ЖК - 10,1 млн. тенге.
Қала әкімінің қолдауының арқасында 2022 жылдан бастап мүгедектігі бар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. 2023 жылы 288 балаға 2,7 млн. теңге сомасына сыйлықтар алынды.
Мүгедектігі бар адамдарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және жалғызбасты қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде азаматтардың осы санаттары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің барлық спектрін көрсетеді.
2023 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан:
жартылай стационарлық қызмет көрсету үшін 18 жастан асқан 30 адамға "Малика" ҚБ психоневрологиялық аурулары бар 23,6 млн. теңге бөлінді;
Үйсіз және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қызмет көрсету үшін "Жаңа Самғау" ҚҚ 26,4 млн. теңге бөлінді. 70 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде 18 адам түнде, 52 адам тәулік бойына орналастырылды;
"Аманжол и К" ҚБ жартылай стационар қызметіндегі 18 жастан асқан егде жастағы тұлғалар үшін шығындар сомасы 8,9 млн. теңгені құрады;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін "Женский луч" ҚБ бөлінген сома 25,4 млн. теңге, толық игерілді.
Бұл қызметті 19 отбасы/67 адам алды.
"Ерлік" ҚБ "Инватакси" қызметін ұсынады. Қызмет 68 адамға көрсетіледі. 2023 жылы қаржыландыру сомасы 6,9 млн. теңгені құрады, толық игерілді.
Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қолдау шараларынан басқа жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек көрсету көзделген.
Әлеуметтік көмекке 2023 жылы барлығы 193,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: ЖБ 120,1 млн. теңге, ОБ 22,8 млн. тенге, РБ 50,2 млн. теңге.
Салыстыру кезінде: жергілікті бюджет қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы 2022 жылы - 94,1 млн. теңгені, 2023 жылы - 120,1 млн. теңгені құрады.
Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылға дейін Степногорск қаласында 50 нысанның қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарланған. 2023 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің модерациясынан сәтті өткен және "қолжетімді орта"порталында жарияланған 10 нысанға толық бейімделу жоспарға сәйкес орындау 100% жүргізілді.